ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

2019 жылы 16 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды, онда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының, «Қарапайым заттар экономикасының», сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша берген тапсырмаларының іске асырылу барысымен танысты. 

Облыс орталығында Үкімет басшысы бірқатар жүйе құраушы кәсіпорындарды аралады:

  • Асқар Мамин тұрмыстық химия тауарлары мен жуу құралдарын шығаратын «Рим – ҚазАгро» ЖШС фабрикасының ашылу рәсіміне қатысты. Кәсіпорын «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында іске қосылады.
  • С.М. Киров атындағы зауытты аралау кезінде тұрмыстық техникаға арналған бөлшектерді өндіретін жаңа цехты көрді. Кәсіпорында қазақстандық брендпен заманауи компьютерлік техника өндірісі игерілуде.
  • А. Мамин сонымен қатар Петропавл ауыр машина жасау зауытының технологиялық жаңғыртылу барысымен танысты. Тез бұзылатын өнімдерді тасымалдауға арналған термос вагондарды шығарудың жаңа желісі ашылды.
  • Үкімет басшысы Петропавл қаласындағы «Шығыс» ықшамауданында көпбейінді облыстық аурухана құрылысы жүргізіліп жатқан жерде капсула салу рәсіміне қатысты. 

Сонымен қатар, Асқар Мамин Тайынша қаласына барды, онда «Bio operations» зауытының екінші желісі — крахмал мен желімтегін өндіретін цех іске қосылу рәсіміне қатысты. Толық қуаттылығына шыққан соң кәсіпорын жұмыскерлерінің саны екі есеге, 500 адамға дейін ұлғаяды.

Қызылжар ауданы Новоникольское ауылында Премьер-Министр Есіл өзені арқылы өтетін жаңа автомобиль көпірінің ашылу рәсіміне қатысты. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған жаңа көпір 10 елді мекеннің арасын жалғайды. 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу