ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркістан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

  • 2 тамызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Арыс қаласының залал келтірілген үйлерін, әлеуметтік нысандарын, инженерлік желілерін салу және жөндеу жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ, Түркістан қаласындағы әкімшілік, әлеуметтік, мәдени-тарихи маңыздағы салынып жатқан нысандарды аралады.

  • ҚР Үкіметінің басшысы әскери қалашықтың тұрғын бөлігін аралап, И. Журба атындағы мектептің, қалалық емхананың, темір жол вокзалының, тұрғын үйлердің қалпына келтіру жұмыстарының нәтижелерімен танысты.

  • ҚР Премьер-Министрі Арыста қаланы қалпына келтіру және құрылыс-жөндеу жұмыстарының қорытындысын шығару жөнінде кеңес өткізді.

  • Асқар Мамин Түркістан қаласына жұмыс сапары барысында салынып жатқан тарихи-мәдени орталықтың құрылыс алаңына барып, «Ұлы дала Елі» орталығы, Қ. А. Яссауи музейінің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі Ұлы Жібек жолы қолөнершілерінің ұлттық орталығының ғимаратын, визит-орталықты реконструкциялау, Шығыс моншасын, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананы салу барысын тексерді.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу