ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркістан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

  • 17 тамызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан облысында болып қайтты, онда Арыс қаласындағы тұрғын үй секторының, білім беру және денсаулық сақтау нысандарының қалпына келтірілу, сондай-ақ Түркістан қаласындағы әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік маңыздағы ғимараттардың салыну барысын тексерді.

  • Арыста ҚР Үкіметінің басшысы тұрғын үй секторының, білім беру және денсаулық сақтау нысандарының, темір жол вокзалының қалпына келтірілу барысын тексерді. 

  • Қаладағы шағын және орта бизнес нысандарын аралау кезінде ҚР Премьер-Министріне қазір 316 кәсіпкерлік нысаны жұмыс істей бастағаны туралы ақпарат берілді. 

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин стадионға, ауруханаға, мектепке барып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

  • Үкімет басшысы «Арыс-1» темір жол вокзалын қарап шықты.

  • Асқар Мамин сондай-ақ Арыс қаласында тұрғын үйлері толық бұзылған 100 отбасыға арналған 50 қос пәтерлі коттеджден тұратын жаңа ықшам ауданның салыну барысын көрді.

  • Түркістан қаласында ҚР Премьер-Министрі жаңа автовокзалдың ашылу рәсіміне қатысты, оның өткізу қабілеті тәулігіне 600-ге жуық автобусты құрайды.  

  • Асқар Мамин әкімшілік, әлеуметтік, тарихи-мәдени ғимараттардың салыну барысын тексерді. 

  • Қазақстан Премьер-Министрі оқушылар сарайына барып, облыс әкімдігі, медиа орталық, конгресс-холл ғимараттарының, «Нұр-Сұлтан» алаңы, Тұңғыш Президент саябағының, Олимпиадалық резервтегі спорт мектебінің, музыка мектебінің, бассейні бар оқушылар сарайының, неке сарайының, Қазақ драма театры, халыққа қызмет көрсету орталығының, сондай-ақ аттракциондары бар қалалық саябақтың, музыкалық фонтан мен амфитеатрдың ғимараттарын көрді.

  • ҚР Премьер-Министрі, сонымен қатар, салынып жатқан тарихи мәдени орталықтың, «Ұлы дала Елі» орталығының, Қ. А. Яссауи музейінің, Ұлы Жібек жолы қолөнершілерінің Ұлттық орталығы ғимаратының, визит орталығының, Шығыс моншасының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың құрылыс алаңын аралап көрді.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу