06 Мамыр 2020, 13:31
2020 жылғы 5 мамырда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барып қайтты. Онда Индустриалды-инновациялық даму, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары мен Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру барысын тексерді.
Үкімет басшысы «Сарыарқа» АЭА барып, «Steel Manufacturing» ЖШС патрон зауытының бірінші кезегін іске қосты.
Сонымен қатар А. Мамин «Seven Refractories Asia» ЖШС отқа төзімді материалдар шығаратын зауытының қызметімен танысты.
Премьер-Министр «Qaz Carbon» ЖШС құю зауыттарының бірлестігіне барды.
Үкімет басшысы Қарағанды қаласының автожол, тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылымын жөндеу және салу жобаларының іске асырылуын тексерді.
А. Мамин «Global City» көтерме-тарату орталығында болып қайтты.
Премьер-Министр «Yutong» маркалы автобустар мен арнайы мамандандырылған техника шығару жөніндегі келісімге қол қою рәсіміне қатысты.
Үкімет басшысы «Қарағанды – Балқаш» автожолының реконструкциясымен танысты.
Балқаш қаласында А. Мамин «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы әлеуметтік тұрғын үйдің салыну барысымен, сондай-ақ әуежайды реконструкциялау және өңірдің туристік әлеуетін арттыру жобасымен танысты.
Сонымен қатар Үкімет басшысы «Kazakhmys Smelting» ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытына барды.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу