Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №23

2019 жылғы 29 шілде мен 3 тамыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында мал шаруашылығын дамыту, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы, Нұр-Сұлтан қаласында жеңіл рельсті транспорт жобасын салуды жалғастыру мәселелері қаралды.

  • 30 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Францияның экономика және қаржы министрі Бруно Ле Мэрмен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Франция арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен келешегі талқыланды.

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Францияның экономика және қаржы министрі Брюно Ле Мэр «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Bpifrance» инвестициялық компаниясы арасындағы бірлескен инвестициялау туралы, ҚР Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Тоталь» компаниясы арасындағы цифрлық технологиялар саласындағы меморандумдарға қол қою рәсіміне қатысты.

  • Сәрсенбі күні, 31 шілдеде, Үкімет басшысы Ronesans Healthcare бас атқарушы директоры Каан Экерменмен кездесу өткізді. Кездесу барысында Ronesans компаниясының ҚР денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ жобаларына қатысу мүмкіндігі қаралды.

  • 1 тамызда ҚР Премьер-Министрі халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

  • 2 тамызда Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Арыс қаласының залал келтірілген үйлерін, әлеуметтік нысандарын, инженерлік желілерін салу және жөндеу жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ, Түркістан қаласындағы әкімшілік, әлеуметтік, мәдени-тарихи маңыздағы салынып жатқан нысандарды аралады.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу