Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №108

2021 жылғы 12-18 сәуір аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 15 сәуірде ҚР Тұңғыш Президенті ‒ Елбасы Н. Назарбаев ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ә. Смайыловты қабылдады. Кездесуде «Nur Otan» партиясының Төрағасына «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған Жол картасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынылды, сондай-ақ 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды.

  • 12 сәуірде ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Онда еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, ҚР 2021 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылу мәселелері қаралды. Бірінші мәселе бойынша А. Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне және әкімдіктерге эпидемиологиялық жағдайға байланысты жедел шектеу шараларын қабылдауды және халықты вакциналау кестесінің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Екінші мәселені қарау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы өңірлердің әкімдері мен мемлекеттік органдардың басшыларына әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуді және Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

  • 16 сәуірде ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен Инвестициялық штаб отырысы өтті, оның барысында 2021 жылдың 1 тоқсанындағы инвестицияларды тарту қорытындылары талқыланды. Өңірлердің негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімінің оң қарқыны туралы есептерін тыңдағаннан кейін, А. Мамин жүйелі негізде инвестициялар тарту жұмысын жалғастыруды тапсырды.

  • Сол күні ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді. Мәселені қарау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы бірқатар тапсырма берді, соның ішінде реттелетін сатып алулардағы жергілікті қамтуды бақылау, өңірлердің экономикалық картасын уақытылы әрі сапалы толтыру, отандық кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын жүктеу мақсатында оларды паспорттауды аяқтау жөнінде тапсырмалар берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу