Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111

2021 жылғы 3-9 мамыр аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 4 мамыр күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және ШОБ-ты қолдау шаралары қаралды. Үкімет басшысы ауыл тұрғындарын барынша вакциналауды қамтамасыз етуді, әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеудің жаңа критерийлерін енгізуді бақылауды, вакциналау туралы түсіндіру жұмыстарын кеңейтуді тапсырды. Екінші мәселе бойынша Премьер-Министр Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі өзектендірілген кешенді жоспардың уақытылы орындалуын, бизнесті салықтық ынталандыру бойынша заңнамалық түзетулер пакетін қабылдауды, бизнестің барлық қолдау түрлерін алу жөніндегі өтінімдерін қысқа мерзімде қарауды қамтамасыз етуді тапсырды

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу