Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №19

2022 жылғы 16-22 мамыр аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 19 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен отандық бизнес өкілдерімен кездесу өтті. Мемлекет басшысы бизнеспен жұмыс істеу кезінде ескі тәсілдерге жол берілмеуі керек екенін атап өтіп, құқық қорғау органдары қызметіндегі кемшіліктерді сынға алды.

  • Сейсенбі күні, 17 мамырда, ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Үкіметтің кезекті отырысы өтті, онда екі мәселе қаралды: мал шаруашылығы мен жол саласын дамыту мәселелері. Бірінші мәселе аясында Әлихан Смайылов жем-шөп дақылдарының егіс алқаптарын ұлғайту және шалғайдағы жайылымдардың инфрақұрылымын жаңғырту секілді бірқатар тиісті тапсырмалар берді. Екінші мәселені қарау қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің басшысы жоспарланған жобалардың уақытылы іске қосылуын және бөлінген қаражаттың толық игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

  • Дүйсенбі күні, 16 мамырда, Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бейнеконференция байланысы режимінде Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізді. Үкімет басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы және білім беру салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру барысы, сондай-ақ су-энергетика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

  • Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізіп, онда аталған бағыттарда жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру үшін барлық қажетті құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерді пысықтауды тапсырды.

  • Жұма күні, 20 мамырда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қазақстандық өндірушілердің жыл сайын өтетін VI Ulttyq Ónim-2022 көрмесіне барды. Биыл Ulttyq Ónim көрмесіне «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы мемлекеттік қолдау алған отандық микро, шағын және орта бизнестің 350-ден астам өкілі қатысты.

  • Сол күні Әлихан Смайылов Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшілігіне барып, БАӘ Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

  • Жұма күні ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Үкімет басшылары экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

  • Әлихан Смайылов Су кеңесінің отырысын өткізді, онда бір мемлекеттік органға сумен жабдықтау және сумен қамтамасыз ету функцияларын біріктіру мәселелері, сондай-ақ Сырдария өзені бассейніндегі су шаруашылығы жағдайы қаралды.

  • Сенбі күні ҚР Премьер-Министрі Қазақстанға жұмыс сапарымен келген «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесті. Кездесу барысында тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастық, соның ішінде уран өндіру жобалары бойынша өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу