Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №52

2020 жылғы 9-14 наурыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі күні кезекті Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. А. Маминнің айтуынша, Үкімет жағдайды одан әрі дамытудың бірнеше нұсқаларын пысықтады, олардың әрқайсысы қажетті ресурстармен, оның ішінде қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілген. Ұлттық экономикаға теріс сыртқы конъюнктурадан әсерлерді азайтуға бағытталған бірқатар шаралар әзірленді.
  • 10 наурыз күні Асқар Мамин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылған республикалық Шұғыл әрекет ету штабының алғашқы отырысын өткізді. Отырысқа қатысушылар әлемдік конъюнктураның өзгеруі жағдайындағы энергетикалық нарықтағы жай-күйді, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне баға белгілеуді бақылау шараларын және елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің басқа да өзекті мәселелерін талқылады.
  • Бейсенбі күні, 12 наурызда ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Импортты алмастыру және экспортты ілгерілету жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) екінші отырысы өтті. Отырысқа қатысушылар ауыл шаруашылығы, химия, тоқыма, машина жасау және басқа да салаларда импортты алмастыру бойынша бірқатар нақты жобаларды қарады, олар барлығы 4 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құруға және 350 млрд теңгеден астам инвестиция тартуға мүмкіндік береді.
  • Дәл осы күні Үкімет басшысы ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді. Отырыста «Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» ұлт жоспары мен ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын (ЖҰЖ) орындау барысы қаралды. Үкімет басшысы Ұлт жоспары мен ҚР Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын толық және сапалы іске асыру бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. 
  • ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылған республикалық Шұғыл әрекет ету штабының екінші отырысы селекторлық режимде өтті. Отырысқа қатысушылар отандық кәсіпорындарды қолдау бойынша қабылданып жатқан шараларды, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы мен өңірлердегі қазіргі жағдайды талқылады.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу