Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №64

2020 жылғы 1-7 маусым аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 3 маусымда Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Кеңесте «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қазіргі қызметі, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ кеңестің өткен отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.

  • Сейсенбі күні, Үкіметтің кезекті отырысында 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және Ұлттық бірыңғай тестілеуді жаңа жағдайда өткізуге дайындық мәселесі қаралды. Бірінші мәселені қарау аясында Премьер-Министр барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыспен қамтуды жандандырудың нақты шараларын қабылдауды тапсырды. Екінші мәселе бойынша Үкімет басшысы ҰБТ-ны сапалы өткізуді және санитарлық талаптардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

  • Бейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Үкімет басшысы қысқа мерзім ішінде елімізде және әлемде экономикалық ахуалдың өзгеруін ескерумен инвестициялық жобалар пулын және негізгі капиталға инвестициялар тарту бойынша нысаналы индикаторларды өзектендіруді тапсырды.

  • Осы күні Асқар Мамин Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді. Үкімет басшысы мемлекеттік қолдауды отандық өндірістің әлеуетін көтеруге бағыттау арқылы экономиканың дербестігін арттыру бойынша түбегейлі шараларды қабылаудың, толыққанды азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және ҚР-ның әлемдік азық-түлік хабы ретінде қалыптасуының маңыздылығын атап өтті.


 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу