Құрметті Серік Нығметұлы!
Құрметті шақырылған қонақтар, әріптестер!

Алдымен, барлықтарыңызға қош келдіңіздер деймін және отырысқа қатысқандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін.
2012 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жариялады.
Өз Жолдауында Мемлекет Басшысы мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысатынын атап көрсетті.
2012 жылғы республикалық бюджетті атқару «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауда қойылған міндеттерді іске асыруға бағытталды және 2012-2016 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамына сәйкес келді.

Кірістер туралы

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша нақтылауды есепке ала отырып, мемлекеттік бюджеттің кірістері 101,5%-ға, салықтық түсімдер – 101,9%-ға орындалды.
Негізгі кіріс көздері бойынша жоспар орындалды. Сонымен бірге корпоративтік табыс салығы бойынша факт жоспардың 96,3%-ы деңгейінде қалыптасты. Егер бюджет нақтыланбағанда, атқарылу 75,2% деңгейінде болар еді.
Корпоративтік табыс салығы түсімдерінің азаюына әсер еткен және бюджетті нақтылау кезінде түсініктемелер берілген барлық факторлардан біреуін атап өтейін. Жыл бойы металға әлемдік баға тұрақсыз болды, соның салдарынан өндіру пен сату көлемдерінің төмендеуі болды.

Мәселен, 2012 жылдың 11 айында металдың орташа бағасының төмендеуі: қорғасын – 22,4%, мырыш – 12,7%, мыс – 11,2%, алюминий – 16,4%, феррохром - 11%-ды құрады. Осыған байланысты ірі кәсіпорындар бойынша корпоративтік табыс салығының төлемдері өткен жылмен салыстырғанда төмендеді.
Ағымдағы жылдың бюджеті оны есепке алусыз қалыптастырылған 2012 жылдың төмендеген салық базасы Қаржы министрлігінен 2013 жылғы бюджетті атқару жөнінде өте тиімді жұмысты талап етеді.
Қосылған құн салығы бойынша 2012 жылы 914,4 млрд.теңге немесе жоспардың 103,1%-ы түсті. Егер бюджет нақтыланбағанда, атқарылу 91%-ды құраған болар еді.
Кеден одағы елдерінен импортқа салынатын қосылған құн салығы бойынша жоспар 101,3%-ға орындалды – артығымен орындауға өткен жылмен салыстырғанда осы елдерден импорттың 10,5%-ға өсуі әсер етті, бұл Кеден одағындағы бірігу процестерінің оң әсерін көрсетіп отыр.
Жеке табыс салығы бойынша жоспар 106%-ға, әлеуметтік салық бойынша 104,7%-ға орындалды. 2011 жылмен салыстырғанда бюджетке түсетін түсімдер тиісінше 62,3 млрд. теңгеге және 44,2 млрд. теңгеге ұлғайды, бұл жұмыспен қамту саласындағы оң үрдісті көрсетіп отыр.

Ұлттық қор туралы
Ұлттық қор қаражаты 2012 жылдың аяғындағы жағдай бойынша инвестициялық кіріссіз 10 062,8 млрд. теңгені құрады.

Бересі туралы
2012 жылдың ішінде бересіні қысқарту және оның өсіміне жол бермеу жөніндегі жұмыс жүргізілді. Қорыта келгенде бересі 142,9 млрд. теңгеге төмендеді және 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 81,3 млрд. теңгені құрады.
Бүгінгі таңда бересіні одан әрі азайту үшін резерв бар, өйткені 40,5%-ы өндіріп алу үмітсіз бересіге тура келеді, ол бойынша материалдар жалған кәсіпкерлік белгілерінің болуына байланысты құқық қорғау органдарына берілді.

Шығыстар туралы
Республикалық бюджеттің шығыстары 2013 жылғы 1 қаңтарға 5 795,7 млрд. теңгені құрады немесе 99,3 %-ға орындалды.

Шығыстардың жалпы сомасындағы игерілмеген қалдық үлесі 0,7 %-ды немесе 41,6 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,1 пайыздық пунктке төмен.
Игерілмеген 41,6 млрд. теңгеден республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің алдын ала деректері бойынша шарттарды орындау мерзімдерін көшіруге байланысты 12,2 млрд. теңгені 2012 жылы тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігін қаржыландыруға 2013 жылға көшіру жоспарлануда. 6-слайд
Қалған сомадан жоспар мынадай себептер бойынша 25,1 млрд. теңге сомаға орындалмады:
- 2,1 млрд. теңге мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша, еңбекақы төлеу қоры, әлеуметтік салық, банктік қызметтер бойынша, штаттан тыс қызметкерлердің жалақысы бойынша үнемдеу, бағамдық айырма және пайдаланылмаған қаражат қалдығы;
- 23,1 млрд. теңге жалпы мемлекеттік шығыстар бойынша үнемдеу, оның ішінде:
- 17,4 млрд. теңге Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві бойынша үнемдеу;
- 5,7 млрд. теңге үкіметтік борышқа қызмет көрсету бойынша үнемдеу.
4,3 млрд. теңге сомада игермеу мыналар есебінен қалыптасты:
- 0,2 млрд. теңге өтпеген конкурстар;
- 4,1 млрд. теңге шарттар жасаспау, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау себебі бойынша.
Республикалық бюджеттен 2012 жылда өңірлерге 889,3 млрд. теңге сомаға нысаналы трансферттер бөлінді, одан 871,5 млрд. теңге немесе 98 % игерілді. Есепті кезеңнің қорытындылары бойынша жергілікті деңгейде нысаналы трансферттер қаражатын игеру бойынша артта қалу 17,8 млрд. теңгені құрады. 7-слайд

Мемлекеттік борыш туралы
Жарияланған Дүниежүзілік Экономикалық Форумның «2012-2013 жаһандық бәсекеге қабілеттілік есебіне» сәйкес Қазақстан «Мемлекеттік борыш» қосалқы индексі бойынша 14 орынды алып отыр. Алдағы есепте – 12 орында. 2012 жылдың бюджеті тапшылықты ұлғайта отырып, нақтылануына байланысты борыштың өсуі заңдылық.
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік борыш (өзара талаптарды есепке алмағанда) 3 828,3 млрд. теңгені құрады (25,4 млрд. АҚШ доллары) немесе жалпы ішкі өнімге 12,2%, оның ішінде үкіметтік борыш 3 626,7 млрд. теңгені құрады (24,1 млрд. АҚШ доллары).
2012 жылдың қорытындылары бойынша үкіметтік борыш деңгейі және оған қызмет көрсету және өтеу бойынша ағындар рұқсат етілетін және қауіпсіз шектерде тұр. Жалпы ішкі өнімге қатысты Үкімет борышы 11,51% құрады. Инфляция мен пайыздық ставкалардың ағымды деңгейінде бюджетке түсетін борыштық ауыртпалық тиімді деңгейде, ол 2012 жылы 8,5% деңгейде қалыптасты (15% асырмайтын шектеу болып табылады).

Квазимемлекеттік сектор субъектілері борышының жағдайына мониторинг туралы тапсырманы орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Нормативтік құқықтық актілер тізбесін әзірлеу кезінде Қаржы министрлігі қатысты (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары
Қ. Келімбетовтың 28.08.12 мақұлдады), оған мемлекеттік борышты басқаруды жетілдіру мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізу болжамдалады.
Қазіргі уақытта Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Қаржы министрлігі Борышты басқару жөніндегі тұжырымдамаға өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізіледі.
2012 жылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің қазақстандық учаскесі шеңберіндегі 4 қарыз бойынша (Тараз, Алматы-Қорғас, Шымкент-Ташкент қалаларын, Шымкент-Жамбыл облыстарын аралау).
Жоба бойынша құрылыс жұмыстарын қаржыландырудың басын қамтамасыз ету үшін аталған келісімдерді ратификациялау бойынша мемлекетішілік рәсімдерді жылдамдатып аяқтауды қамтамасыз етуі қажет.

Қаржылық бақылау туралы

2012 жылы Қаржылық бақылау комитеті органдары бюджет қаражатын пайдалануды бақылау бойынша жұмысты жалғастырды, бұл ретте Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде тексерулерді жоспарлаумен бюджет қаражатын бақылаумен қамту көлемін сақтау және анықталған қаржылық бұзушылықтарды 1,6 есе ұлғайту кезінде 2011 жылмен салыстырғанда 10% тексерулерді төмендетуге қол жеткізілді (2011 жылы – 208,0 млрд. теңге, 2012 жылы - 333,5 млрд. теңге). Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары 18 мыңнан астам рәсімдерде 219,4 млрд. теңге сомаға белгіленген.
Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жұмыс жалғастырылуда: бақылау қорытындылары бойынша тауарлар, жұмыстар мен қызметтер түрінде бюджетке 124,6 млрд.теңге қайтарылды және қалпына келтірілді, 2011 жылдың қорытындыларынан екі есе көп (52,7 млрд. теңге); жол берілген бұзушылықтар үшін 6 мыңнан астам қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды; әкімшілік жауапкершілікке – шамамен 2 мың лауазымды тұлға тартылды (салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 406,3 млн. теңгені құрады); құқық қорғау органдарына іс жүргізу шешімін қабылдау үшін 109,5 млрд. теңге сомаға мыңнан астам материалдар жіберілді.
2012 жылға қойылған міндеттерді іске асыруға Есеп комитеті бақылау іс шараларының қайталануын болдырмау мақсатында Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының өзара іс қимыл қағидаларын бекітті және тексеру комиссияларымен келісті.
Өткен жылы тиімділікті бақылау және квазимемлекеттік сектор субъектілерін бақылау шеңберінде жүктелген функциялары бойынша іс-шаралар жоспарланған және орындалған.
Сіздің Өкіміңізбен құрметті Серік Нығметұлы (03.01.2013 жылы №235-ө) Тұжырымдаманы әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылды. Сонымен бір уақытта Қаржы министрлігі Әкімшілік реформа бойынша ведомствоаралық комиссияға «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік аудит туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Тұжырымдаманы енгізді.

Ал енді 2012 жылдың ішінде іске асырылған АСА МАҢЫЗДЫ ТАПСЫРМАЛАР МЕН МІНДЕТТЕРГЕ қысқаша тоқталып өтуге рұқсат етіңіздер.
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Электрондық Үкіметті дамыту мақсатында салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесі мен республиканың төлем жүйесі Жеке Сәйкестендіру Нөмірлері/Бизнес Сәйкестендіру Нөмірлеріне (ЖСН/БСН) сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға көшті және штаттық режимде жұмыс істеуде.
2012 жылы салық органдары 4 млн. азаматтар бойынша Жеке Сәйкестендіру Нөмірлерін салыстыруды қосымша пысықтады.
Жеке Сәйкестендіру Нөмірлеріне/Бизнес Сәйкестендіру Нөмірлеріне көшу бірден 3 құжаттың (Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН), Әлеуметтік сәйкестендіру кодтары (ӘСК) және жеке басын куәландырушы құжат) орнын аустырды. Атап айтқанда, бұл бизнесті тіркеу мерзімін 10-нан 1 күнге дейін қысқартуға, зейнетақылар мен әлеуметтік аударымдарды төлеген кезде Салық төлеушінің тіркеу нөмірінің (СТН) Әлеуметтік сәйкестендіру кодтарына (ӘСК) сәйкес келмеуіндегі бұрын болған қателіктерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Жалпы қойылған міндет орындалды. Енді жекелеген мемлекеттік органдардың деректер базасымен салыстыруды аяқтау қажет. Мұны 31 наурызға дейін жасауды тапсырамын.

Нарықтарда сауда-саттық жүргізетіндердің барлығын салық салудың басқа режимдеріне көшіруге қатысты
2012 жылы кәсіпкерлердің біржолғы талоннан дербес кәсіпкерлерге көшуі бойынша жұмыс аяқталды. Бұл ашық және өркениеттi сауда-саттықты қамтамасыз етеді. 88 мыңның – 53 мыңы патентке, қалғандары басқа да режимдерге ауысты.
Тапсырма орындалды. Енді кәсіпкерлерде туындайтын проблемалар мониторингі жүйесіндегі жұмысты жалғастыру және консультациялық көмек көрсету қажет.
Мемлекеттік сатып алу туралы
Президенттің 2012 жылғы 27 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау үшін сатып алулардың мемлекеттік веб-порталында сатып алынатын тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тұтас ақпараттық бағалар жүйесі құрылды, өткізілетін сатып алу туралы ақпаратты орналастыру бөлігінде квазимемлекеттік секторды қосу қамтамасыз етілді.
Осы іс-шаралар шеңберінде Самұрық – Қазынаны тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бірыңғай сыныптауышын пайдалану бөлігінде біріктіру іске асырылған болатын.
Тапсырма орындалды. Алдағы 2013-2014 жылдары осы біріктіру квазисектордың, сол сияқты мемлекеттік сектордың да мемлекеттік сатып алулары кезінде сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтердің бағалары бойынша деректер қорын пайдалануға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай операторын құруды қоса мемлекеттік сатып алу жүйесін одан әрі дамыту, біздің көзқарасымызша, Сіздің Серік Нығметұлы басшылығыңызбен 5 ақпанда селекторлық кеңесте баяндалды.
Сіз тиісті тапсырмалар берген болатынсыз.
Сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушісі мен өнім берушісі арасындағы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, порталда электрондық шарттар жасау арқылы шарт жасаудың ашықтық рәсімі мен жұмыс істеуін кеңейтуді қамтамасыз ету жоспарлануда.
Үкіметке 2012 жылғы 3 шілдеде кеңейтілген мәжіліс қорытындысы бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың отандық автокөлікті сатып алуы туралы жоспарларын түзетуді қамтамасыз ету тапсырылған болатын.
Бұл тапсырма да орындалды. Осылай, 2012 жылы 11,7 млрд.теңге сомаға 2553 бірлік отандық, бұл жоспарланған сатып алудан 467 бірлікке артық және 9,8 млрд.теңге сомаға 1365 бірлік шетелден шыққан автокөлік сатып алынды, бұл Қазақстанда шығарылмайтын арнайы автокөлік құралдарына жататын жоспарланған сатып алулардан 228 бірлікке аз.
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қоғамдық секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелердің есептеу әдісіне көшу енгізілген (әдістемелік, ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері шешілді, 1167 мамандар оқытылды).
Бұл қаржылық есептіліктің ашықтығы мен ақпараттылығын арттыруға мүмкіндік береді. Есептеу әдісіне көшудегі жаңалықтың бірі мемлекеттік секторда есеп жүйесін қаржылық есептілікті салыстыруға келтіруді және кейіннен шоғырландырылуын қамтамасыз ететін бюджеттердің барлық деңгейлері үшін ортақ Есеп саясаты болып табылады.
Бұл ретте, Министрліктің өзі бір мезгілде «е-Қаржымині» жобасының бағдарламалық өнімін бір мезгілде құра отырып, есептеу әдісіне көшуді жүзеге асырған болатын.
Дүниежүзілік Экономикалық Форумның Қазақстан Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің нәтижелері бойынша 2012 жылы «Аудиттеу және есептілік стандарттар дәрежесі» көрсеткіші бойынша жоспарланған көрсеткіштің 14 ұстанымын жақсарта отырып, 74 ұстанымға қол жетті (90).
Шағын бизнес субъектілеріне жүктемелерді азайту мақсатында 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлердің көптеген санаттары міндетті түрде бухгалтерлік есеп жүргізуден және қаржылық есептілік жасаудан босатылды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің заңды тұлғалары үшін Қаржылық есептіліктің ұлттық стандары әзірленді, ол қолданыстағыға қарағанда екі есеге қысқартылған.
Орта бизнес субъектілері үшін орта бизнестің кәсіпорындарының қаржылық ақпаратының сапасын жақсартуға және оларға деген инвесторлардың сенімін арттыруға ықпал ететін болады.
Қазынашылық жұмысы бойынша
2012 жылы мемлекеттік мекемелермен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін және ауданнан төмен әкімшілік деңгейде қазынашылық бөлімшелерін құрмай жергілікті өзін өзі басқару органдарына қашықтан қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің маңызды құралы ретінде «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесін дамыту жалғасын тапты.
Бүгінде «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету және төлемге шарттарды тіркеуге және шоттарды өңдеуге арналған өтінімдерді өңдеу уақыты бұрын жұмсалатын 48 сағаттың орнына 16 жұмыс сағатын құрап отыр (2013 жылға 8 сағат жоспарланып отыр).
«Қазынашылық - клиент» ақпараттық жүйесінде пилоттық аймақта (Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті) – ерекше қол жеткізу режимісіз 212 мемлекеттік мекеме жұмыс істейді.
Комитетке ақпараттық жүйеге қосылу үшін техникалық жарақтандырудың қажетті деңгейі бар және ерекше жұмыс режимі жоқ мемлекеттік мекемелерде 2013 жылы «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын.
Серік Нығметұлы, Республикалық бюджет комиссиясының төрағасы ретінде, Сізге 2014 жылы техникалық жағдайы «Қазынашылық - клиент» жүйесін енгізуге мүмкіндік бермейтін барлық республикалық мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру, сондай-ақ Әкімдерге жергілікті бюджет қаражатынан мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру үшін тапсырма беру қажет екенін айтқым келеді.
Комитет, электрондық шот фактуралар саласындағы оператор ретінде «Электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйе (құру)» техникалық экономикалық негіздеме шеңберінде салықтық әкімшілендіру мен жалған кәсіпкерлікпен күрестің тиімділігін арттырудың маңызды құралы ретінде «Электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу» бойынша ақпараттық жүйесін әзірлеуді қамтамасыз ету қажет.

Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс бойынша
Жаңа жеделдетілген оңалту рәсімін енгізу (берешекті соттан тыс тәсілмен реттеу) және қолданыстағы оңалту рәсімінің тиімділігін арттыру жолымен бизнес субъектілері үшін төлемге қабілеттілікті қалпына келтіру мүмкіндігін кеңейтетін бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері жөніндегі ҚР Заңы қолданысқа енгізілді.
2012 жылдың өзінде қабылданған нормаларды ескере отырып, 48 ұйым оңалту рәсіміне енгізілді, ол 2011 жылмен салыстырғанда 6 %-ға және 2010 жылмен салыстырғанда 30%-ға артық.
Банкроттық рәсімін жүргізу тиімділігін арттыру үшін 2012 жылғы желтоқсанда заң жобасы әзірленді және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілді.
Сонымен бірге жүргізілген камералдық бақылау барысында 134 банкротта (жалпы санның 10%) тәуекел дәрежесі жоғары қасақана және жалған банкроттық бұзушылықтары анықталды (жалпы сомасы 89,3 млрд.теңге (қосылған құн салығы-10,7 млрд.теңге) шот-фактуралар жазып беру бойынша операциялар жүргізу), 115,8 млн. АҚШ доллары сомасына сыртқы экономикалық мәмілелердің болуы, 3,4 млрд.теңге сомаға мемлекеттік сатып алуға қатысу).
Осыған байланысты, Комитетке банкроттық кезінде заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында банкрот бизнес-субъектілерін жоспарлы тексеруді ұйымдастыру үшін Тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізуді, камералдық бақылау жұмысын, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жалғастыруды тапсырамын.
Бұл үшін банкроттардың мәмілелері мен жасалған қаржылық операциялары туралы ақпарат алу үшін мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды күшейту қажет.
Кредиторлардың талаптарын барынша өтеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ тарату рәсімін жүргізуге арналған шығыстарды қысқарту мақсатында электрондық аукционды енгізу мәселесі қаралсын.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру мәселелері бойынша
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің басты бағыты ағымдағы жылы Мемлекет басшысы 2013 жылғы 23 қаңтардағы Үкіметтің кеңесінде берген республикалық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, оның ішінде жалға берілетін артық алаңдарын балабақшалар мен мектептерге беру, жеке секторға беру үшін сатуға қою бойынша тапсырмаларын орындау болып табылады.
Осы тапсырманы орындау үшін мемлекеттік мекемелердің, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жылжымайтын мүлік объектілерін және жалдауға берілетін алаңдарды түгендеу жүргізілетін болады.
Түгендеуді сапалы және уақтылы жүргізу мақсатында тиісті Іс-шаралар жоспары әзірленді («Нұр Отан» халық демократиялық партиясының келісімі бойынша), нәтижесінде балансында 10 мың үй жай, ғимарат пен құрылыстар есепте тұрған 3227 мемлекеттік мекеме мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындарда түгендеу өтеді.
Түгендеу нәтижелері:
- мемлекеттік мекемелер мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерін оңтайлы орналастыру бойынша ұсыныстар енгізуге;
- балабақшалар немесе шағын орталықтар құруға болатын алаңдарды айқындауға және коммуналдық меншікке беруге;
- «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының қатысуымен жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беруге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының республикалық меншіктің стратегиялық емес объектілерін жекешелендірудің «екінші толқыны» туралы тапсырмасын орындау жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі: Республикалық меншік объектілерін сату кестесіне жарғылық капиталдарында мемлекеттің үлесі 50 % аспайтын ұйымдардың 10 мемлекеттік пакетін (мемлекеттік үлесін); 2012 жылы жалдауға берілген 14 мың шаршы метр алаңды қосуды ұсынады.
Одан әрі, қойылған міндетті іске асыру үшін «Квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі комиссияның» жұмысын, олардың бәсекелі ортадағы қызметін реттеу мақсатында жаңарту; Комиссияның құрамын салалық министрліктер мен «Атамекен» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы өкілдерімен толықтыра отырып кеңейту; мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар әрекет ететін әкімшілік-аумақтық құрылымды ескере отырып, тауарлық нарықтарды тексеру; осы тауар нарықтарында бәсекелестікті дамыту деңгейі туралы, оның ішінде квазимемлекеттік сектор ұйымының осы тауар нарығындағы одан әрі қызметінің орындылығы туралы қорытындылар дайындау; Комиссияның қолданыстағы заңнамада көзделген шарттарда жеке кәсіпкерлік субъектілеріне оларды беру бойынша «Атамекен» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының қорытындыларын ескере отырып, осы аумақта мемлекеттік кәсіпорындардың одан әрі қызметі жөнінде шешім қабылдауы қажет.
Коммуналдық меншік объектілерімен ұқсас жұмысты жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдармен, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен – холдингтің бейінді емес активтерін жекешелендіру бойынша жұмысты үйлестіру қажет болады.
Құрметті Серік Нығметұлы, Сіз осы барлық жұмысты үйлестіру үшін Сіздің төрағалығыңызбен комиссияны құру туралы шешім қабылдадыңыз.

Фискалдық функциялар бойынша
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген фискалдық органдар жұмысының тиімділігін арттыру туралы тапсырмасын орындау үшін 17 мемлекеттік органмен және
3 уәкілетті органмен Іс-шаралар жоспары бекітілді, онда салықтық және кедендік әкімшілік етуді жақсарту жөніндегі шаралар кешені көзделген.
Осы комитеттердің жүргізген жұмысы туралы Министрліктің осы қызметтерінің басшылары баяндайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауына Жалпы ұлттық жоспарда Қаржы министрлігіне салықтық және кедендік әкімшілік етуді оңайлату, электрондық есептілікке кезеңмен көше отырып, салықтық есептілікті барынша азайту жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Бүгінгі таңда салықтық есептілікті электрондық түрде тапсыратын салық төлеушілер саны жалпы санның 85 % құрайды. 2011 жылы есептілікті 30 %-ға, 2012 жылы тағы 30 %-ға қысқарту жүргізілді.
Алайда, кедендік декларациялау кезінде ұсынылатын рұқсат беру құжаттарының ауқымы кең. Мәселен, әртүрлі мемлекеттік органның 52 рұқсат беру құжаты бар, одан 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша барлық мемлекеттік органдар 25 құжатты автоматтандырды,
2013 жылы 16 құжатты, 2014 жылы 11 құжатты автоматтандыру жоспарланды.
Мемлекет басшысы құқық қорғау қызметтерінің басшыларымен кеңесте экспорттық-импорттық операцияларды электрондық декларациялауға көшудің маңыздылығына, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін кедендік әкімшілік етуді оңайлатуға баса назар аударды.
Осы тапсырмаларды іске асыру Кедендік бақылау комитеті қызметінің ең бастысы болуы тиіс.
Мемлекет Басшысының басқа: қолданыстағы барлық салықтық жеңілдіктерді олардың тиімділігі тұрғысынан тексеру жайлы тапсырмасына қатысты. Алдын ала талдау бойынша 281 салықтық жеңілдік бар, оның ішіндегі 163 стандарттық емес жеңілдіктерді мұқият қарап шыққан жөн. Қазірдің өзінде-ақ олардың ең ірі 19-ы бойынша ұсыныстар қалыптастырылды. Осы жұмысты 1 мамырға дейін аяқтауды және оның нәтижелерін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ұсынуды тапсырамын.
2012 жылы Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне салық салуды реформалау бойынша басымдықтар айқындалды.
Бүгінгі таңда бірыңғай жер салығы режимін шамамен 147 мың жұмыс істейтін шаруа және фермер қожалықтары қолданады, ол төленетін 6 салықтың орнын басады және гектарлардың құнынан өндіріп алынады. Тиісінше, табыстардың, ал бастысы - шығыстардың, оның ішінде жалақы бойынша шығыстардың есебін жүргізу талабы жоқ. Өз қызметкерлері үшін өте төмен зейнетақы жарналарын аудару жеке мәселе болып табылады.
Тұжырымдық тәсілдерді Салық комитеті дайындады, сондықтан да ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып, нақты мысалдарға сүйенген ұсыныстарды мұқият қарап шығуды тапсырамын.
Қаржы министрлігі заңнамалық актілерге сауда-саттық жасаушы (қызмет көрсетуші) ұйымдарда POS – терминалдардың жоқтығы үшін жауаптылық белгілейтін тиісті түзетулер енгізді.
Қызмет түрлерінің 17 санаты үшін POS – терминалдар орнату жөніндегі талап 7 жылдан бері бар, бірақ тек осы талапты орындамағаны үшін жауаптылық енгізілгеннен кейін ғана көптеген кәсіпкерлер мен қауымдастықтар осы талаптың орындалуын қамқорлығына алды.
2014 жылғы 01 қаңтардан бастап мұндай тұлғалар ортасы арнайы салық режимін қолданушы жеке кәсіпкерлерге дейін кеңейетін болады.
Өйткені кәсіпорындардың осы санаты үшін – бұл шынымен-ақ жаңа талап, Салық комитетіне Ұлттық банкпен бірлесіп пысықтауды және тұлғалардың жаңа санатының (арнайы салық режиміндегі жеке кәсіпкерлер) POS - терминалдарды қолдануға даярлығы туралы ақпарат беруді тапсырамын. Ұлттық Банкпен, екінші деңгейдегі банктермен бірлесе отырып, арнайы салық режиміндегі жеке кәсіпкерлер бойынша POS - терминалдарды орнатудың нақты кестесін пысықтау қажет.
2012 жылы халықаралық салық салу бойынша қолданыстағы Салық конвенцияларын түгендеу мен олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан талдау бойынша жұмыстар басталды. 7 Хаттама жобасы талданды және дайындалды, олар шетелдік әріптестерге ұсынылатын болады.
Осы жұмысты жалғастыруды тапсырамын.
Қаржы мониторингі мәселелері бойынша
2012 жыл бойында табыстарды жылыстату тәуекелдерін ұлттық бағалау (ТЖТ ҰБ) жөнінде жұмыстар жүргізілді.
Бүгінгі таңда терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау бойынша зерттеу жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасын орындау үшін Министрлік «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі және мемлекеттік органдарға бұрыштама қоюға жіберді.
Заң жобасы Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) өзара бағалау туралы есебін іске асыру мақсатында әзірленді және ұлттық қаржы мониторингі жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Бүгінгі таңда заң жобасы бұрыштама қоюға мемлекеттік органдарға жіберілген. Еуразиялық топтың орындалған миссиясы мен миссияның заң жобасын дайындауды Еуразиялық топтың бұдан алдыңғы бағалау миссиясының талаптарын орындау үшін жеткілікті шарт ретінде мойындаудан бас тартуын ескере отырып, заң жобасын Парламентке енгізуді ғана емес, сонымен қатар оны тездетіп қабылдауды да жеделдету қажет. Серік Нығметұлы, Сіздің жәрдемдесуіңізді сұраймын.

Қызметті ұйымдастыру туралы
2012 жылы Министрліктің Стратегиялық жоспарына айтарлықтай өзгерістер енгізілді. Егер де бұдан бұрын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Стратегиялық жоспарында 2 бағыт қамтылған болса, енді 2012 жылы 2011 - 2015 жылдарға 5 бағытты іске асыру бекітілген, онда 18 нысаналы индикатор мен 33 тікелей нәтиже көрсеткіштері қамтылған, демек Қаржы министрлігі қызметінің негізгі салаларын толық қамту қамтамасыз етілген.
Алдағы тұрған мемлекеттік аудит жүйесін енгізуді ескере отырып, Қаржылық бақылау комитетінің өкілеттіктері мен құрылымын қайта қарау қажет болады.
Мемлекеттік ұйымдардың аудандарын жекешелендіру мен оңтайландырудың «екінші толқыны» бойынша жұмыстардың аяқталуы да Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің өкілеттіктері мен құрылымын қайта байыптауға әкеліп соқтырады.
Заң жобасының алдағы уақытта Парламентке енгізілуіне байланысты Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің рұқсат беру өкілеттіктері алынып тасталады және бақылау өкілеттіктері күшейтілетін болады. Бұл осы Комитеттің де құрылымын қайта қарауды талап етеді.
Кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жөнінде қабылданып отырған шаралардың барлығының қисыны Кедендік бақылау комитетінің өкілеттіктері мен құрылымын талап етеді.
Осының барлығын биылғы жылы жасауымыз қажет болады.
Назарларыңыз үшін рахмет!