1959 жылы 28 сәуірде туған.

Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (халықаралық экономикалық қатынастар), КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (сыртқы саясат және халықаралық қатынастар тарихы) бітірген. Ағылшын, хинди, урду және француз тілдерін меңгерген.

1985 жылғы шілдеден бастап дипломатиялық қызметте. ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде консулдық қызметте, протоколдық-саяси бөлімде, баспа және ақпарат, сыртқы экономикалық байланыстар бөлімдерінде жұмыс істеген.

Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігінің 1 хатшысы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Америка елдері бас басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі - Департамент директоры, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болған.

2002 жылғы маусымнан - Қазақстан Республикасының Ұлыбритания Біріккен Королдігі мен Солтүстік Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып, сонымен бірге Қазақстан Республикасының Швеция Королдігіндегі, Норвегия Королдігіндегі, Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарған.

2007 жылғы шілдеден бастап - Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2007 жылдың шілдеден 2012 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарды.

2012 жылғы 28 қыркүйектен бастап - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астана», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» , «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл»   және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалдарымен, Президенттің Алғыс хатымен    марапатталған.

Дипломатиялық дәрежесі - Төтенше және Өкілетті Елші.