Primeminister.kz веб-сайтының материалдарын пайдалану шарттары

"Primeminister.kz "ақпараттық агенттігі құқықтары негізінде жұмыс жасайтын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайты ҚР Премьер-Министрінің қызметі туралы пайдаланушы аудиторияны хабардар ету мақсатында құрылған.

Primeminister.kz сайтында мәтіндік, фото, графикалық, ақпараттық-графикалық, видео, аудио және басқа да материалдарды Интернет желісінде толық немесе ішінара пайдаланған жағдайда пайдаланушы www.pm.kz сайтына гиперсілтеме беруге міндетті.

Гиперсілтеме мәтін, видео, аудиоролик, фото, графика басында материал лидінде пайдаланылатын негізгі қаріптен кіші емес қаріппен орналасуы тиіс.

Primeminister.kz материалдарынан толық немесе жекелеген дәйексөз келтірген, қайта басып шығарған, жаңғыртқан, телевизиялық және радиоэфирде трансляциялаған жағдайда және басқа да көпшілкке тарату әдіс-тәсілдері қолданылса баспада, электрондық БАҚ-да, мәлімдемелерде Primeminister.kz жарияланып немесе айтылу міндетті.

ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтында жарияланған материалдарға құқықтың барлығы құқық иеленуші рөліндегі үшінші тұлғалардың материалдарын есепке алмағанда "Primeminister.kz" АА редакциясына тиесілі.