Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 01 қарашадағы №820 Қаулысы

2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. Демалыс күндері:

2020 жылғы 5 қаңтардағы жексенбіден 2020 жылғы 3 қаңтардағы жұмаға;

2020 жылғы  11 мамырдағы дүйсенбіден 2020 жылғы 8 мамырдағы жұмаға;

 2020 жылғы 20 желтоқсандағы жексенбіден 2020 жылғы 18 желтоқсандағы жұмаға ауыстырылсын.

         2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

  Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                                                 А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу