Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 01 қарашадағы №822 Қаулысы

«Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық қызметі органдарымен өзара  қарым-қатынастарындағы нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1254 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық қызметі органдарымен өзара қарым-қатынастарындағы нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1254 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 60, 854-құжат) күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының     Премьер-Министрi                                                               А. Мамин

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу