Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 02 сәуірдегі №308 Қаулысы

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу және арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу және арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 603-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

  2. Осы қаулыалғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, қайта есептеу және арттыру қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, қайта есептеу және арттыру қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу және арттыру қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі       С. Ахметов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу