Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «02» сәуірдегі № 184 қаулысы

Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларын, ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту және «Саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адамдарды куәлікпен қамтамасыз ету тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

 

«Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы»  1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 және 24-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған:

    1. Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидалары;

    2. Ақталған адамның куәлігінің үлгісі бекітілсін.

  2. «Саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адамдарды куәлікпен қамтамасыз ету тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі               К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу