Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 04 ақпандағы №57 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы                     № 1372 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 633-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентте:

14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

«дизельдік отында жұмыс істейтін іштен жану қозғалтқыштары бар
М3, N2 және N3 санатты автокөлік құралдарына 2015 жылғы
1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.».

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының экологиялық кластардың талаптарына сәйкестiгiн растау Техникалық регламентке 4-қосымшаны ескере отырып жүзеге асырылады.»;

көрсетілген регламентегі 4-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                            С. Ахметов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу