Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «04» наурыздағы  № 129 қаулысы

«Жастар арасынан орта және жоғары кәсiптiк оқу орындарында мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңiлдiкпен жол жүру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жастар арасынан орта және жоғары кәсiптiк оқу орындарында мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңiлдiкпен жол жүру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 29, 376-құжат) күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі            К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу