Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 тамыздағы №530 Қаулысы

«Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидаларында:

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) қарыз шарты – оператор өңдеу саласындағы жобаларды қаржыландыру үшін ақша қаражатының белгілі бір мөлшерін ұйымның меншігіне беруге міндеттенетін, ал ұйым осы Қағидалардың шарттарын ескере отырып, операторға ақша қаражатын уақтылы қайтаруға міндеттенетін шарт;

2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган – қоршаған ортаны қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

3) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы (бұдан әрі – оператор) – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды және оның (олардың) қаптамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

4) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

5) өңдеу саласындағы жоба – өндеу өнеркәсібі саласындағы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға, оның ішінде Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру жолымен көлік құралдарын, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға бағытталған жоба және/немесе технологиялық және инновациялық шешімдерді іске асыруға бағытталған серпінді жоба;

6) ұйым – Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында айқындалған шарттарда серпінді өңдеу жобаларын қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін «Өнеркәсіпті дамыту қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 тамыздағы № 521 қаулысына сәйкес құрылған «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;

7) техникалық регламент – көлік құралдарына қатысты – Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 018/2011), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты – Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 823 шешімімен бекітілген «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 010/2011) немесе Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 823 шешімімен бекітілген «Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының 2012 жылғы шілдедегі № 60 техникалық регламенті (КО ТР 031/2012);

8) лизингтік компания – «Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қаржы лизингін жүзеге асыратын заңды тұлға;

9) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы – жекелеген операцияларды немесе технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру жолымен ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыруға арналған, жұмыс көлемі 50 текше сантиметрден асатын іштен жану қозғалтқышының немесе ең жоғары (жиынтық) қуаты 4 кВт-тан асатын электр қозғалтқышының (қозғалтқыштарының) көмегімен өздігінен қозғалысқа келтірілетін техникалық құрал.

3. Оператордың қаражаты есебінен қаржыландырылатын өңдеу саласындағы жобалар осы Қағидаларға және ұйымның ішкі актілеріне сәйкес, бұл ретте Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру жолымен көлік құралдарын, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға бағытталған жобалар мынадай шарттарда іріктеледі:

1) Қазақстан Республикасында отандық өндірістің жаңа жеңіл автокөлігіне тұтынушылық сұранысты ынталандыру жолымен көлік құралдарын жаңартуға байланысты өңдеу саласындағы жобаларды оператордың 2022 жылы қаржыландыруының қорытынды көлемі 100000000000 (бір жүз миллиард) теңгені, отандық өндірістің автобустарына – 30000000000 (отыз миллиард) теңгені және отандық өндірістің өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына – 30000000000 (отыз миллиард) теңгені құрайды;

2) ұйым оператордан қарыз алуды мынадай негізгі шарттарда жүзеге асырады:

қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 100000000000 (бір жүз миллиард) теңге, қарыз мерзімі 30 жыл, нысаналы мақсаты: жеке тұлғаларды – отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушыларды (бұдан әрі – қарыз алушылар) қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерді шартты қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру және көлік құралдарын жаңарту жолымен қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін;

қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 30000000000 (отыз миллиард) теңге, қарыз мерзімі
30 жыл, нысаналы мақсаты: жергілікті атқарушы органдар жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (бұдан әрі – ӘКК) және/немесе техникалық регламентке сәйкес экологиялық кластағы отандық өндірістің автобустарын көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан көлік құралдарының автоөндірушілерінен сатып алып, оларды кейіннен жолаушылар тасымалы саласында жұмыс істейтін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге бірлесіп басқаруға беретін тасымалдаушыларды (бұдан әрі бірлесіп – автобустарды лизингке алушылар) шартты қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру және көлік құралдарын жаңарту жолымен қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін;

қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 30000000000 (отыз миллиард) теңге, қарыз мерзімі 20 жыл, нысаналы мақсаты: ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан отандық өндірушілердің (бұдан әрі – техниканы лизингке алушылар) техникалық регламенттерінде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндірістің жаңа техникасын қаржы лизингіне сатып алатын агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру үшін лизингтік компанияларды шартты қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жолымен қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін;

негізгі борышты өтеу – ұйымның бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен мерзімнің соңында;

ұйым оператордан қарыз алуды қамтамасыз етуді ұсынбай жүзеге асырады;

3) ұйым қарыз алушылармен мынадай негізгі шарттарда қарыз шарттарын жасасады:

сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 1,0 %-дан аспайды;

қарыз мерзімі – 30 жылға дейін;

қарыз бойынша сыйақы төлеу – жылына 1 рет;

қарыз алушылардың қарыз қаражатын игеру мерзімі – ұйым мен қарыз алушы арасында қарыз сомасын ұлғайту туралы қарыз шарты/қарыз шартына қосымша келісім жасалған күннен бастап 18 айға дейін;

қарыз валютасы – теңге;

негізгі борышты өтеу – ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу құқығымен мерзімнің соңында;

қарыз шарты шеңберінде қаражат жеке тұлғаларды – отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушыларды қаржыландыру мақсаттарына бағытталады, бұл ретте қарыз алушыларға бөлінетін қаражатты шетел валютасына инвестициялауға не қарыздың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін өзге құралдарға бағыттауға тыйым салынады;

қаржыландырудың ашықтығы мақсатында түпкі қарыз алушыға/лизинг алушыға қаржыландыруды ұсыну мерзімінің мәртебесін қадағалау үшін қарыз алушыда автоматтандырылған жүйенің міндетті енгізілуі/болуы туралы шартты көздеу;

қарыз шартының өзге талаптары ұйымның талаптарына сәйкес және/немесе тараптардың келісімі бойынша белгіленеді;

4) әрбір отандық өндірушіге арналған қаржыландыру лимиті уәкілетті органның Индустриялық даму комитеті бекіткен, осы Қағидалар шеңберінде қаржыландыруға қатысатын өнеркәсіп орындары өкілдерінің құрамынан комиссияның шешімімен айқындалады және оны ұйымның басқармасы бекітеді;

5) бөлінетін қаражат мақсатсыз пайдаланылған және/немесе уақтылы игерілмеген, сондай-ақ ұйым мен қарыз алушы арасындағы қарыз шартында көзделген жағдайлар туындаған жағдайларда ұйым тиісті қарыз шартын мерзімінен бұрын бұзуға және жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар анықталған орналастырылған қаражатты қайтарып алуға құқылы;

6) қарыз алушы қарызды мерзімінен бұрын өтеген жағдайда осы қаражатты қайта пайдалану ұйымның уәкілетті органдарының шешімдері негізінде жүзеге асырылады;

7) отандық өндірістің автомобильдерін сатып алатын түпкі қарыз алушыларды қаржыландырудың негізгі шарттары:

нысаналы топ – жеке тұлғалар, техникалық регламентке сәйкес экологиялық кластағы отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушылар;

кредит түпкі қарыз алушыларға нысаналы пайдалану, ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу шарттарында беріледі, оның ішінде:

жеңіл автокөліктің 1 бірлігі үшін қаржыландыру сомасы 10000000 (он миллион) теңгеден аспайды, жеңіл автокөліктің құны 15000000 (он бес миллион) теңгеден қымбат емес;

бір түпкі қарыз алушыға қаржыландыру екі жылдық кезең ішінде бір реттен артық берілмейді;

қаржыландыру мерзімі –7  жылдан аспайды;

бастапқы жарна – 0 %-дан бастап;

кредит беру валютасы – теңге;

түпкі қарыз алушы үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық
4,0 %-дан аспауға тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес айқындалатын түпкі қарыз алушы үшін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі автокөлікті сақтандыру және ресімдеу (оның ішінде кепілге) бойынша түпкі қарыз алушының шығындарын ескере отырып, жылдық 7,5 %-дан аспауға тиіс;

түпкі қарыз алушылар отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сақтандыру және кепілге ресімдеу жөніндегі шығыстарды төлейді;

түпкі қарыз алушы қарыз алушының алдындағы міндеттемелерін өтеген кезде қарыз алушының қаражатты нысаналы мақсатына сәйкес және қарыз мерзімі шегінде қайтадан пайдалануына жол беріледі;

түпкі қарыз алушыларды қаржыландыру револьверлік сипатта болады, қолданыстағы кредиттерді өтеуден түскен төлемдер қарыз алушыларды қаржыландыруға қайта жіберіледі;

8) ұйым отандық өндірістің автобустарын сатып алатын автобустарға лизинг алушылармен мынадай негізгі шарттарда қаржы лизингі шарттарын жасасады:

лизинг мерзімі – 7 жылға дейін;

автобустарға лизинг алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі - лизингтің бүкіл мерзімі үшін 0,01 % біржолғы төлеммен;

лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизинг нысанасының
құнынан 0 %;

қосымша шығыстар (сақтандыру, сервистік қызмет көрсету және лизинг нысанасын ұстау) – автобустарға лизинг алушы есебінен;

бірлескен қызмет туралы шарттар шеңберінде лизинг алушы ӘКК тасымалдаушының лизинг нысанасын пайдаланғаны үшін сыйақы және басқа да комиссиялар төлеуге байланысты шығыстарын ұлғайтуға құқылы емес;

автобустарға лизинг алушыларды қаржыландыру револьверлік сипатта болады, қолданыстағы лизингті өтеуден түсетін төлемдер автобустарға лизинг алушылармен жаңа қаржы лизингі шарттарын жасасу үшін қайтадан жіберіледі;

қызметін Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар қалаларында және облыс орталықтарында жүзеге асыратын автобустарға лизинг алушылар қаржыландыру шарттарын пайдалана алмайды, бұл ретте автобустарға лизинг алушылардың ұйым қаржыландыруға мақұлдаған өтінімдері болмаған жағдайда оларды оператордан алған күннен бастап не олар қайтарылған күннен бастап бір жыл өткен соң ұйым Қазақстан Республикасының облыс орталықтарында тасымалдауды жүзеге асыратын автобустарға лизинг алушыларды револьверлік қағидат бойынша қаржыландыруға құқылы;

тасымалдаушының міндеттемелері бойынша ӘКК тарапынан осы тасымалдаушы үшін толық ортақ жауапкершілік туралы кепілдік беру және/немесе оны мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде қаржыландыру және/немесе ұйымның ішкі актілеріне сәйкес осы тасымалдаушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз етудің жеткіліктілігі ӘКК болып табылмайтын тасымалдаушыларды қаржыландыру кезінде ұйымның міндетті талаптары болып табылады;

қаржы лизингі шартының өзге талаптары ұйымның талаптарына сәйкес және/немесе тараптардың келісімі бойынша белгіленеді;

9) ұйым лизингтік компаниялармен мынадай негізгі шарттарда қарыз шарттарын жасасады:

сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,35 %-дан аспайды;

қарыз мерзімі – 20 жылға дейін;

қарыз бойынша сыйақы төлеу – жылына 1 рет;

лизингтік компаниялардың қарыз қаражатын игеру мерзімі – ұйым мен лизингтік компания арасындағы қарыз сомасын ұлғайту туралы қарыз шарты/қарыз шартына қосымша келісім жасалған күннен бастап 18 айға дейін;

қарыз валютасы – теңге;

негізгі борышты өтеу – ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу құқығымен мерзімнің соңында;

қарыз шарты шеңберінде қаражат техниканы лизингке алушыларды қаржыландыру мақсаттарына жіберіледі, бұл ретте лизингтік компанияларға бөлінетін қаражатты шетел валютасына не қарыздың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін өзге құралдарға инвестициялауға жіберуге тыйым салынады;

бөлінетін қаражат мақсатсыз пайдаланылған және/немесе уақтылы игерілмеген, сондай-ақ ұйым мен лизингтік компания арасындағы қарыз шартында көзделген жағдайлар туындаған жағдайларда ұйым тиісті қарыз шартын мерзімінен бұрын бұзуға және жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар анықталған орналастырылған қаражатты қайтарып алуға құқылы;

қаржыландырудың ашықтығы мақсатында лизингтік компанияларының техниканы лизингке алушыға қаржыландыруды ұсыну мерзімінің мәртебесін қадағалауға арналған автоматтандырылған жүйенің міндетті енгізілуі/болуы туралы міндеттемесін көздеу;

қарыз шартының өзге талаптары ұйымның талаптарына сәйкес және/немесе тараптардың келісімі бойынша белгіленеді;

10) лизингтік компания отандық өндірістің өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алатын техниканы лизингке алушылармен мынадай негізгі шарттарда қаржы лизингі шарттарын жасасады:

лизинг мерзімі – 10 жылға дейін;

сыйақы мөлшерлемесі жылдық – 6,0 %;

лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизинг нысанасының
құнынан 0 %;

негізгі қарызды қайтару бойынша жеңілдікті кезең – 1 жыл;

қосымша шығыстар (сақтандыру, сервистік қызмет көрсету және лизинг нысанасын күтіп ұстау) – техниканы лизингке алушы есебінен;

техниканы лизингке алушыларды қаржыландыру револьверлік сипатта болады, қолданыстағы лизингті өтеуден түскен төлемдер техниканы лизингке алушылармен жаңа қаржы лизингі шарттарын жасасу үшін қайтадан жіберіледі;

техниканы лизингке алушының біреуін қаржыландыру сомасы 205000000 (екі жүз бес миллион) теңгеден аспайды және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының үш бірлігінен аспайды, техниканы лизингке алушының біреуін қаржыландыру екі жылдық кезең ішінде бір реттен артық берілмейді;

қаржы лизингі шартының өзге талаптары лизингтік компанияның талаптарына сәйкес және/немесе тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.

4-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) ұйым өңдеу саласындағы жобаларды қаржыландырудың тиісті қаржы жылына арналған болжамды көлемдері туралы ақпаратты алғаннан кейін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін қамтитын өңдеу саласындағы жобаны қаржыландыру үшін қаралатын бизнес-жоспармен қоса өтінімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді.

Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру жолымен көлік құралдарын жаңартуға бағытталған жобалар бойынша ұйым қаржыландырудың бүкіл көлеміне техникалық регламентке сәйкес экологиялық сыныпқа сәйкес келетін отандық өндірістің көлік құралдары бойынша ақпаратпен қоса өтінімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді.

Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру жолымен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға бағытталған жобалар бойынша ұйым Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес сәйкестікті растау жөніндегі орган берген, болуы қаржыландырудың бүкіл көлеміне техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкестікті растайтын сәйкестік сертификаттарының көшірмелерін қоса алғанда, техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндірістің өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы жөніндегі ақпаратпен қоса өтінімді  қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді;».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                  Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу