Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 05 тамыздағы №892  Қаулысы

Жарияланды: Сейсенбі, 05 Тамыз 2014

«Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1122-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдалы қазбалардың кең  таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларында:

13-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18. ПҚӨС ставкалары рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) үшін кен орнының      (кен орындарының бiр тобының, кен орнының бiр бөлiгiнің) рентабельділігін нөлдік деңгейге жақындатуға мүмкіндік беретін шамаға дейін төмендетіледі,     бірақ осы Қағидалардың 19-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда,     осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген ПҚӨС ең төменгі ставкасынан төмен емес.

Бұл ретте, осы Қағидаларға сәйкес есептелген ПҚӨС ставкаларының мөлшері нөл бүтін жүзден бір қадаммен (0,01) үтірден кейінгі екі белгіге дейін үлкеніне қарай дөңгелетіліп, нақтылықпен белгіленеді.»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. ПҚӨС ең төменгі ставкасы, осы Қағидалардың 19-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жоспарлы өндіру көлемін ескере отырып және ПҚӨС жеке ставкасы белгіленетін ағымдағы күнтізбелік жылдың      бағалары бойынша 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша      қолданылған редакцияда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарында белгіленген салық салу базасы мен ставкасы бойынша      есептелген роялти сомасының абсолюттік мәніне тең сомада ПҚӨС жер      қойнауын пайдаланушының бюджетке төлеуін қамтамасыз ететін мөлшерде белгіленуі тиіс.

Осы Қағидалардың 19-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда,     егер жер қойнауын пайдалану келісімшартының талаптарында 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша роялти ставкалары белгіленбеген болса,     2008 жылғы 31 желтоқсанға қолданылған редакциядағы Салық кодексіне     сәйкес тиісті пайдалы қазбаға роялти ставкалары қолданылады.

ПҚӨС ең төменгі ставкасын есептеу мынадай тәртіппен жүзеге  асырылады:

1) тиісті күнтізбелік жылға жоспарланатын өндіру көлемін ескере отырып, 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қолданыста болған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарына сәйкес (салық  салу объектісі, роялти ставкасы, тиісті күнтізбелік жылға салық салу базасы) жер қойнауын пайдаланушы бюджетке төлеуге жататын роялти сомасы айқындалады;

2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес есептелген роялти сомасы абсолюттік мәнде осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес есептелген кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша рентабельділік      0 %-дан аз болған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы бюджетке төлеуі тиіс ПҚӨС сомасын құрайды;

3) рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) бойынша жер қойнауын пайдаланушы үшін белгіленетін ПҚӨС ең төменгі ставкасы Салық кодексінде белгіленген тәртіппен есептелген пайдалы қазбаның тиісті түрі (пайдалы қазбалардың тиісті түрлері) бойынша ПҚӨС бойынша салық салу базасына осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес есептелген ПҚӨС сомасына қатынасы ретінде белгіленеді.

Егер рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған кен орны (кен      орындарының бір тобы, кен орнының бiр бөлiгi) үшін ПҚӨС ставкалары тиісті күнтізбелік жылға көрсетілген жыл ішінде белгіленген жағдайда өткен салық кезеңдеріндегі нақты қалыптасқан бағалардың негізінде күнтізбелік жылдың басынан есептелген және төленген ПҚӨС осы Қағидаларға сәйкес белгіленген ставкалар бойынша қайта есептеледі.»;

мынадай мазмұндағы 19-1 тармақпен толықтырылсын:

«19-1. Егер осы Қағидалардың 19 тармағына сәйкес айқындалған ПҚӨС      ең төменгі ставкасы кезінде кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бiр бөлiгiнің) нөлдік рентабельділігіне қол жеткізілмеген жағдайда,     онда ПҚӨС-тің, оның ішінде ілеспе пайдалы қазбалар бойынша ең төменгі ставкасы бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бiр бөлiгiнің) рентабельділігін          нөлдік деңгейге жақындатуға мүмкіндік беретін шамаға дейін (0 %-ға дейін  қоса алғанда) төмендетіледі:

  1. кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес бір құрамдауышты немесе көп құрамдауышты кен орны ретінде сыныптауға болады;

  2. минералды шикізатты өңдеу нәтижесінде алынған дайын өнімді өткізген кезде дайын өнімді өткізу бағасы мен оның толық өзіндік құны арасындағы айырма ретінде айқындалатын шығындар туындайды. Осы      тармақтың мақсатында дайын өнімнің толық өзіндік құнына өткізілген дайын өнімнің өзіндік құны, өткізу бойынша шығыстар және жалпы және әкімшілік шығыстар қосылады. Өткізілген дайын өнімнің өзіндік құны халықаралық     қаржы есептілігі стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік  есеп және қаржы есептілігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады. Өткізілген дайын өнімнің толық өзіндік құнынан шығын  сомасын айқындау мақсатында төленуге жататыннан (төленгеннен) басқа, халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржы есептілігі туралы заңнамасын қолданған кезде активтер мен (немесе) міндеттемелер құнының өзгеруіне байланысты бухгалтерлік есепке алуда туындайтын шығыстар баптан алынып тасталуға тиіс.

2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарында ілеспе пайдалы қазбаларға арналған роялти ставкалары 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша  белгіленбеген жағдайда, егер жер қойнауын пайдаланушының қызметі,         тұтастай алғанда, шығынды болып табылса, онда осы Қағидалардың 19-тармағында айқындалған мұндай пайдалы қазбаларға қатысты ПҚӨС ең төменгі ставкасы 0 % мөлшерінде белгіленеді.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес белгіленген пайдалы  қазбаларды өндіруге арналған салық ставкасын қолданған салық төлеуші тиісті салық жылының 4-тоқсанынан кейінгі 2-айдың 15-күнінен кеш емес мерзімде Салық кодексінің 45-тарауында белгіленген тиісті ставканы қолдана отырып,  нақты деректер негізінде рентабельділік көрсеткіштерінің есептемесін жүргізеді.

Егер келісімшарт бойынша жүргізілген есептеменің нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 15-тармағында белгіленген рентабельділік мәндері асып     кетсе, салық төлеуші барлық салық жылындағы жалпыға белгіленген ставкалар негізінде пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық міндеттемелерін қайта есептейді және алынған мәндерді пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бойынша қосымша декларацияда көрсетеді. Осы декларацияда көрсетілген пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық сомасы салық жылының 4-тоқсанының салық міндеттемесі болып табылады және жалпыға белгіленген тәртіппен айыппұлдар мен өсімпұлдарды қолданбастан бюджетке төлеуге жатады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                  К. Мәсімов


Жаңалықтар тізбегі
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
08 Қазан 2021, 18:06
ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды
08 Қазан 2021, 17:43
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды
08 Қазан 2021, 08:25
А. Мамин СИБУР басшысы Д. Коновпен мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
07 Қазан 2021, 19:43
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Қазан 2021, 10:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №702 Қаулысы
06 Қазан 2021, 15:02
А. Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы К. Микуриямен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 18:28
Ерлан Әукенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
05 Қазан 2021, 16:37
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР экономикасына ТШИ көлемі 30,4%-ға артты
05 Қазан 2021, 16:14
Р. Скляр кореялық бизнес қауымы өкілдерімен кездесті
05 Қазан 2021, 14:44
ҚР Үкіметінің отырысы, 05.10.2021
05 Қазан 2021, 13:11
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру: 2025 жылға қарай 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады
05 Қазан 2021, 12:47
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Alstom басшысы А. Пупар-Лафаржбен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 11:16
2030 жылға дейін Қазақстанда суармалы жерлер көлемі 3 млн га дейін жеткізіледі — С. Брекешев
05 Қазан 2021, 11:03
А. Мамин су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруды тапсырды
05 Қазан 2021, 09:54
2025 жылға дейін Маңғыстау облысында 2,1 трлн теңгеге даму жобалары жүзеге асырылады
04 Қазан 2021, 14:38
5 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
04 Қазан 2021, 12:13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №685 Қаулысы
04 Қазан 2021, 12:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №682 Қаулысы
04 Қазан 2021, 11:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №677 Қаулысы
03 Қазан 2021, 09:47
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №131
02 Қазан 2021, 14:05
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жөнінде кеңес өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.