Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 05 тамыздағы №898 Қаулысы

«Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қазандағы № 1143 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қазандағы № 1143 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 62, 850-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормасында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қатты және сұйық отынмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін:

1) жеткізу қашықтығы 200 километрге дейін болғанда 10 тәулікке арналған негізгі және резервті отын мөлшері;

2) жеткізу қашықтығы 200 километрден астам болғанда 20 тәулікке арналған негізгі және резервті отын мөлшері.».

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   К.Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу