Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 06 мамырдағы №271 Қаулысы

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 297-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарында:

1-тармақта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) шет тілін білу деңгейін айқындау үшін қорытынды бақылау тестілеуді қоса алғанда, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімі бойынша олардан өту қажет болған жағдайда тілдік курстар;»;

6) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

«16)  шетелдік жоғары оқу орындарының академиялық күнтізбесіне сәйкес Аустралияда, Жаңа Зеландияда және Солтүстік Америка елдерінде магистратура бағдарламасы бойынша оқитын стипендиаттарға академиялық оқу орнынан Қазақстан Республикасында тұратын жеріне дейін (ұзақтығы 2 (екі) ай және одан көп каникул кезеңінде) және кері жол жүру.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі шет елдердің тиісті мемлекеттік органдары, шетелдік жоғары оқу орындары, тілдік мектептер, шетелдік ұйымдар, шетелдік серіктестер және/немесе статистикалық, рейтингтік және өзге де тиісті ұйымдар ұсынған құжаттардың және/немесе өзге де ақпараттың негізінде тамақтану, тұру, оқу әдебиеттерін сатып алу шығыстарының нормаларын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ конкурс жеңімпазының Қазақстан Республикасында тұратын жерінен академиялық оқу, тілдік курстардан, тағылымдамадан, магистратура алдындағы дайындықтан өту орнына дейін жол жүру көлігінің түрі мен класын айқындайды. Осы «Болашақ» халықаралық стипендиясының жұмсау бағыттарының 1-тармағында көзделген өзге де шығыстар қызмет көрсетуші ұйымдар беретін растау құжаттарының негізінде төленеді.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                      А. Мамин

 

Қосымша

   

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу