Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 06 қыркүйектегі №664 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігіне байланысты мәселелер бойынша сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік органдармен және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілерімен өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы

 

«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігіне байланысты мәселелер бойынша сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік органдармен және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілерімен өзара іс-қимыл жасасу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                                             А. Мамин

Ереже

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу