Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі №212 Қаулысы

«Мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі жөніндегі қызметтер көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы №990 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласының мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» 2021 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі жөніндегі қызметтер көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 990 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 63-64, 498-құжат) күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                         А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу