26 Қараша 2019, 23:23
«Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1210 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы
№ 1210 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 71,
643-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
6 | Химиялық қорғау қызметі | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
»;
реттік нөмірлері 9, 10 және 10-1-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
9 | Көлік қызметі | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
10 | Жолдар мен көпірлер қызметі | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
10-1 | Инженерлік қызмет | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
»;
реттік нөмірлері 16 және 17-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
16 | Ақпарат қызметі | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі |
17 | Байланыс қызметі | Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу