14 Желтоқсан 2020, 10:59
«Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы №441 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы №441 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №17, 193-құжат) қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларда:
«3. Жеке және заңды тұлғалардың жердің барлық санаттарында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз өндіргені, дайындағаны, зақымдағаны немесе жойғаны үшін» деген бөлімде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1 |
Ағаштың, бұтаның, лиананың әрбір данасы үшін: 1) өсуін тоқтату дәрежесіне жеткізбей зақымданған кезде 2) жойылған немесе өсуін тоқтату дәрежесіне дейін зақымданған кезде |
500,0
1000,0 |
»;
мынадай мазмұндағы 4-бөліммен толықтырылсын:
«4. Қалалар немесе елді мекендер шегінде өсетін ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, зақымдағаны немесе жойғаны үшін
Р/с №
|
Ағаштар мен бұталардың тұқымы |
айлық есептік көрсеткіштермен алғанда бір ағаш үшін залалды өтеу мөлшері |
|||
ағаштар мен бұталардың жасы, жыл |
|||||
10-ға дейін |
11-ден 20-ға дейін |
21-ден 30-ға дейін |
31-ден және одан жоғары |
||
1 |
Қарағай |
15 |
25 |
35 |
45 |
2 |
Шыршаның барлық түрі |
15 |
25 |
35 |
45 |
3 |
Самырсын |
15 |
25 |
35 |
45 |
4 |
Балқарағай |
17 |
27 |
37 |
47 |
5 |
Ағаш тектес арша |
14 |
24 |
34 |
44 |
6 |
Емен, шаған |
60 |
70 |
80 |
90 |
7 |
Үйеңкі, шегіршін, жөке |
10 |
20 |
30 |
40 |
8 |
Қайың |
12 |
22 |
32 |
42 |
9 |
Көктерек, ағаш тектес тал, терек |
10 |
20 |
30 |
40 |
10 |
Грек жаңғағы, шекілдеуік жаңғақ |
50 |
60 |
70 |
80 |
11 |
Өрік, ақ қараған, алша, долана, шие, жиде, шетен, алхоры, мойыл, тұт ағашы, орман алма ағашы |
10 |
20 |
30 |
40 |
12 |
Арша, төсенішті самырсын |
12 |
22 |
32 |
42 |
13 |
Сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, басқа да бұталар |
9 |
19 |
29 |
39 |
».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу