Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 09 сәуірдегі №333 Қаулысы

«Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 243 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 243 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 52-26, 195-құжат)мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесінде:

15-тармақтың 6) тармақшасы және 25, 26, 27, 28, 29-тармақтар алынып тасталсын;

30, 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Тендер жеңімпазын айқындайтын тендер нәтижелері туралы хаттаманың негізінде тендер жеңімпазымен тендерге қатысу кезінде мәлімделген ұсыныстарға жауап беретін шарттарда мүліктік жалға беру немесе сенімгерлік басқару шарты (бұдан әрі – шарт) жасалады.»;

«33. Тендер жеңімпазымен шартты тендер жеңімпазын айқындайтын тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей бір жыл мерзімге аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға жасасады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі          К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу