Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 09 шілдедегі №786  Қаулысы

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 1529 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 1529 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 41, 401-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы»  2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану мониторингiн жүзеге асыру ережесi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi                       К. Мәсімов

1 қосымша

2 қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу