17 Тамыз 2021, 17:33
«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №142 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы 2020 жылдың қорытындылары бойынша шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірісінің 14,2 (он төрт бүтін оннан екі) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды.».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу