Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 390 Қаулысы

Жарияланды: Сәрсенбі, 27 Қараша 2019

«1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1453 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық                     iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1453 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақта:

      үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі – прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша, миграциялық және ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылатын басқа да мәселелер бойынша;

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы мемлекеттік архивінен шығатын архивтік анықтамалар мен архивтік құжаттардың көшірмелер бойынша, сондай-ақ прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша;

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі – азаматтар мен халықтың денсаулығын сақтау саласындағы құжаттар бойынша;

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі – дәрменсіздігі туралы банкроттық рәсімі қозғалған заңды тұлғалардың берешегін төлеуге байланысты мемлекеттік органдардың сұрау салулары мен азаматтардың қолдаухаттары бойынша, жеке және заңды тұлғалардың резиденттігін немесе осы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін растайтын құжаттар бойынша, сондай-ақ прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша;»;

сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісу                                      бойынша) – прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап ететін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік                                іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер, қылмыстық істер жөніндегі үкімдерді (шешімдерді) тану және орындау туралы қолдаухаттар, сондай-ақ прокуратура органдарының құзыретіне жатқызылатын құжаттар бойынша;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу                бойынша) – ұлттық қауіпсіздік органдарының құзыретіне жатқызылатын құжаттар бойынша, сондай-ақ прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы                                   іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы                                           қызмет) (келісу бойынша) – прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ өзінің құзыретіне жатқызылатын құжаттар бойынша;

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты (келісу бойынша) – Қазақстан Республикасы соттарының, шетел мемлекеттері соттарының тапсырмалары, азаматтық және отбасылық істер бойынша соттардың шешімдерін тану және орындау туралы қолдаухаттар бойынша;»;

мынадай мазмұндағы он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтармен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісу                     бойынша) – өздерінің құзыретіне жатқызылатын, прокурордың және тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін құжаттар бойынша;

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – еңбек өтілі туралы құжаттар, сондай-ақ өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әлеуметтік-құқықтық сипаттағы өзге де құжаттар бойынша;

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі – білім туралы құжаттар, сондай-ақ өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзге де құжаттар бойынша.».

2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы жасаған жоғарыда көрсетілген конвенциялардың депозитарийлерін осы қаулымен енгізілетін өзгерістер туралы белгіленген тәртіппен хабардар етсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының
                    Премьер-Министрі                                                            А. Мамин

 


Жаңалықтар тізбегі
16 Сәуір 2021, 14:39
Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде кеңес өткізді
16 Сәуір 2021, 12:30
Марат Ахметжанов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды
15 Сәуір 2021, 19:33
Жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және жұмыс орындарын ашу: ҚР-да халықты жұмыспен қамту шаралары
15 Сәуір 2021, 19:13
Елбасы Премьер-Министр Асқар Мамин мен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловты қабылдады
15 Сәуір 2021, 18:49
Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді
15 Сәуір 2021, 15:36
Қазақстанда су тасқыны жағдайы тұрақты — Ю. Ильин
15 Сәуір 2021, 13:47
Үкіметте экономиканың креативті секторын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
15 Сәуір 2021, 11:46
Ә. Смайылов туристік маусым қарсаңында ШОБ проблемалық мәселелерін қарастыру жөнінде кеңес өткізді
15 Сәуір 2021, 11:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №229 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 11:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі №223 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 09:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №235 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 09:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №234 Қаулысы
14 Сәуір 2021, 17:43
Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады
14 Сәуір 2021, 16:26
Президент Қазақстанның АҚШ-тағы жаңадан тағайындалған елшісі Ержан Ашықбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 15:32
Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 14:24
Тұрғын үй саясатын жаңғырту, қолжетімді тұрғын үй салу және тиімді шарттармен ипотека беру — Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамыту
13 Сәуір 2021, 19:31
Р. Скляр cу тасқыны жағдайына мониторинг жасау мақсатында елорда маңындағы аумақтарды әуеден бақылады
13 Сәуір 2021, 17:56
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевті қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:58
Мемлекет басшысы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Сәуір 2021, 14:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі №210 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 14:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №194 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 13:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі №212 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі №207 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
12 Сәуір 2021, 20:33
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 наурыздағы №169 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №174 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №189 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 19:32
Қазақстан Президенті Швецияның сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
12 Сәуір 2021, 19:18
Ғылымды гранттық қаржыландыру отандық ғалымдарды қолдау шарасы ретінде
12 Сәуір 2021, 19:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №184 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №176 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №173 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №192 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:40
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №193 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:10
Ербол Қарашөкеев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 15:03
Ростислав Коняшкин «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 13:30
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.04.2021
12 Сәуір 2021, 13:28
Қазақстанның машина жасау саласы тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр —  Б. Атамқұлов
12 Сәуір 2021, 12:46
Атқарушы органдар жұмысының маңызды көрсеткіші – әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу — Б. Сұлтанов
12 Сәуір 2021, 11:39
Барлық өңірлерде жергілікті бюджетке кіріс түсімдері бойынша жоспар асыра орындалды — Е. Жамаубаев
12 Сәуір 2021, 11:38
Қазақстанның көптеген өңірлерінде жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отыр — Ә. Ерғалиев
12 Сәуір 2021, 11:30
Салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы өтініштері 1 трлн теңгеден астамға орындалды — Е. Досаев
12 Сәуір 2021, 11:25
Биыл қыркүйек айына дейін 10 млн-ға жуық Қазақстан тұрғынына вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету жоспарлануда — ҚР ДСМ
12 Сәуір 2021, 11:08
2021 жылдың I тоқсанында ҚР экономикасының негізгі салалары тұрақты өсім көрсетті
12 Сәуір 2021, 10:57
А. Мамин вакциналау кестесінің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды
11 Сәуір 2021, 18:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №107
11 Сәуір 2021, 08:09
Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.