Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «12» қаңтардағы № 9 қаулысы

«Mega silk way» сауда-ойын-сауық орталығын салу» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 жылға арналған квоталарды белгілеу және «Mega silk way» сауда-ойын-сауық орталығын салу» басым жобасын іске асыру үшін шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Mega silk way» сауда-ойын-сауық орталығын салу» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға        2016 жылға арналған квоталар белгіленсін.

2. Қоса беріліп отырған «Mega silk way» сауда-ойын-сауық орталығын салу» басым жобасын (өтініш беруші – «Mega Plaza» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары бекітілсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қосымша 1

Қосымша 2

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу