«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1561 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1561 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 82, 1070-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының әзірленуі мен жүзеге асырылуына қатысты депутаттық сауал