Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1173 Қаулысы

Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларын бекіту туралы

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 1-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы­ның Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі      К.МӘСІМОВ.


Қағида

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу