Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы

Жарияланды: Сейсенбі, 20 Қазан 2020

«Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі №175 қаулысына өгерістер енгізу туралы 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.   «Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі №175 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., №13, 89-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 70-бабының бірінші бөлігіне және «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу қағидалары 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 70-бабының бірінші бөлігіне және «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағына кіруге бес жыл мерзімге тыйым салуды белгілеп, шығарып жіберілетін көшіп келушіні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) дейін шығарып салу арқылы шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды шығарып жіберу оны теміржол көлігімен Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктіне дейін ішкі істер органдарының шығарып салуы арқылы жүзеге асырылады. Теміржол қатынасы (маршруты) болмаған жағдайда шығарып жіберу көліктің өзге түрлерімен (әуе, автомобиль немесе су) жүзеге асырылады.

Шығарып жіберілетін көшіп келуші Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті бар елді мекенде болған жағдайда оны шығарып салу автомобиль көлігімен немесе жаяу тәртіппен жүзеге асырылады.

Шет мемлекеттен Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шартқа сәйкес қабылданған, бірақ Қазақстан Республикасына келуге және онда болуға заңды негіздері жоқ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасы мен осындай адам азаматы болып табылатын не тұрақты (көбінесе) тұратын мемлекет арасында Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарт болмаса, шығарып жіберілуге жатады.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Шығарып жіберу бойынша шығыстарды шығарып жіберілетін адамныңөзі, заңсыз көшіп келушіні Қазақстан Республикасына шақырған не көшіп келушінің Қазақстан Республикасында заңсыз болу фактісі анықталған сәтте оның еңбегін пайдаланған жеке немесе заңды тұлғалар көтереді. Аталған тұлғалардың шығарып жіберу бойынша шығыстарды жабуға қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайда, тиісті шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі, бұл ретте шығарып жіберуге жұмсалған қаражат мүдделі мемлекеттік органдардың жоғарыда аталған тұлғаларға талап-арыздары бойынша сот тәртібімен өтеуге жатады.»;

11-тармақ алып тасталсын.

2.   Осы қаулы алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    А. Мамин

 


Жаңалықтар тізбегі
16 Сәуір 2021, 12:30
Марат Ахметжанов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды
15 Сәуір 2021, 19:33
Жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және жұмыс орындарын ашу: ҚР-да халықты жұмыспен қамту шаралары
15 Сәуір 2021, 19:13
Елбасы Премьер-Министр Асқар Мамин мен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловты қабылдады
15 Сәуір 2021, 18:49
Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді
15 Сәуір 2021, 15:36
Қазақстанда су тасқыны жағдайы тұрақты — Ю. Ильин
15 Сәуір 2021, 13:47
Үкіметте экономиканың креативті секторын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
15 Сәуір 2021, 11:46
Ә. Смайылов туристік маусым қарсаңында ШОБ проблемалық мәселелерін қарастыру жөнінде кеңес өткізді
15 Сәуір 2021, 11:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №229 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 11:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі №223 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 09:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №235 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 09:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №234 Қаулысы
14 Сәуір 2021, 17:43
Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады
14 Сәуір 2021, 16:26
Президент Қазақстанның АҚШ-тағы жаңадан тағайындалған елшісі Ержан Ашықбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 15:32
Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 14:24
Тұрғын үй саясатын жаңғырту, қолжетімді тұрғын үй салу және тиімді шарттармен ипотека беру — Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамыту
13 Сәуір 2021, 19:31
Р. Скляр cу тасқыны жағдайына мониторинг жасау мақсатында елорда маңындағы аумақтарды әуеден бақылады
13 Сәуір 2021, 17:56
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевті қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:58
Мемлекет басшысы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Сәуір 2021, 14:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі №210 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 14:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №194 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 13:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі №212 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі №207 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
12 Сәуір 2021, 20:33
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 наурыздағы №169 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №174 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №189 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 19:32
Қазақстан Президенті Швецияның сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
12 Сәуір 2021, 19:18
Ғылымды гранттық қаржыландыру отандық ғалымдарды қолдау шарасы ретінде
12 Сәуір 2021, 19:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №184 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №176 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №173 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №192 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:40
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №193 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:10
Ербол Қарашөкеев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 15:03
Ростислав Коняшкин «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 13:30
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.04.2021
12 Сәуір 2021, 13:28
Қазақстанның машина жасау саласы тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр —  Б. Атамқұлов
12 Сәуір 2021, 12:46
Атқарушы органдар жұмысының маңызды көрсеткіші – әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу — Б. Сұлтанов
12 Сәуір 2021, 11:39
Барлық өңірлерде жергілікті бюджетке кіріс түсімдері бойынша жоспар асыра орындалды — Е. Жамаубаев
12 Сәуір 2021, 11:38
Қазақстанның көптеген өңірлерінде жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отыр — Ә. Ерғалиев
12 Сәуір 2021, 11:30
Салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы өтініштері 1 трлн теңгеден астамға орындалды — Е. Досаев
12 Сәуір 2021, 11:25
Биыл қыркүйек айына дейін 10 млн-ға жуық Қазақстан тұрғынына вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету жоспарлануда — ҚР ДСМ
12 Сәуір 2021, 11:08
2021 жылдың I тоқсанында ҚР экономикасының негізгі салалары тұрақты өсім көрсетті
12 Сәуір 2021, 10:57
А. Мамин вакциналау кестесінің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды
11 Сәуір 2021, 18:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №107
11 Сәуір 2021, 08:09
Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды
10 Сәуір 2021, 13:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов «Орталық Азия» ХСЭЫО жобасын іске қосты
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.