15 Ақпан 2018, 10:34
«Қауіпсіздіктің жалпы талаптары, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде телекоммуникациялық жабдыққа қойылатын функционалдық және техникалық талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 тамыздағы № 805 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қауіпсіздіктің жалпы талаптары, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде телекоммуникациялық жабдыққа қойылатын функционалдық және техникалық талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 тамыздағы № 805 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 48, 436-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу