26 Қараша 2019, 22:49
«Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 588-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «индикаторлары бекітілсін.» деген сөздер «индикаторлары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) жекешелендірілетін компаниялардың тізіміне енгізудің түйінді өлшемшарттары (қағидаттары) бекітілсін.»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес жекешелендірілетін компаниялардың тізіміне енгізудің түйінді өлшемшарттарымен (қағидаттарымен) толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу