27 Қыркүйек 2019, 14:06
«Өндірілуі, өңделуі, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға жататын улардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 59 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өндірілуі, өңделуі, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға жататын улардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 59 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 7, 33-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген өндірілуі, өңделуі, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға жататын улардың тізбесінде:
А тізімі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48 және 49-жолдармен толықтырылсын:
«36. N,N-диизопропиламиноэтан-2-ол
В тізімі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87 және 88-жолдармен толықтырылсын:
«71. Триизопропил фосфит
72. N,N-диметиламинофосфорил дихлориді
73. Диэтил метилфосфаты
74. N,N-диизопропиламиноэтил-2-хлорид гидрохлориді
75. N,N-диизопропиламиноэтантиол
76. N,N-диизопропиламиноэтил-2-хлориді
77. Амоний бифториді
78. Күшала
79. Никотин
80. Балқытылған қышқыл
81. Этилендигидразин
82. Диметилгидразиназид
83. Диметилгидразиннитраты
84. Метилфосфон қышқылы
85. Хлорциан
86. Хлоропикрин: трихлорнитрометан
87. Диметиламиноэтанол
88. О-этил-S-фенил (этил) дитиофосфонаты».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу