Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі №363 Қаулысы

Жарияланды: Бейсенбі, 17 Сәуір 2014

«Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Респуликасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:

«Дүкендерде азаматтық және қызметтiк қаруды есепке алудың тәртiбi» деген 15-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Дүкендердегі азаматтық және қызметтiк қару мен олардың патрондарын сақтау, есепке алу және сату тәртiбi»;

60 және 61-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«60. Азаматтық және қызметтік қару саудасына лицензиясы бар заңды тұлғалар қару мен оның патрондарын мынадай талаптарға сай келетін, арнайы жабдықталған қоймада (қару-жарақ бөлмесінде) сақтайды:

1) басқа қосалқы, қызметтік үй-жайлардан оқшауланған болуы, қабырғалары қалың, төбе жабыны мен еденi темірбетонды болуы тиiс;

арнайы жабдықталған қойманың күзетілетін аймағының периметрі болып табылатын қалың емес қабырғалар, темірбетонды емес төбе жабулар мен еден диаметрі кемінде 15 мм жұмыр болат шыбықтан немесе жиегі кемінде 14 мм төртбұрышты болат шыбықтан орындалған металл тормен қапталады. Шыбықтар 150х150 мм аспайтын тор көз құрып, олардың әрбір қиылысқан жері дәнекерленеді;

2) екі есiгi, бұл ретте сыртқысы – қалыңдығы кемiнде 3 мм болат табақтан, iшкiсi – торланған болаттан немесе болат рол-ставнядан орындалған болуы тиіс;

сыртқы есiк iшкi құлыппен, iшкi торлы есік немесе рол-ставня ішкі немесе аспалы құлыппен жабылады;

арнайы жабдықталған қойма есiгi ойығының (есiктiң қорабы) диаметрі
10-12 мм арматуралы болаттан жасалған кемінде он шегемен және қабырғаға кемінде 80 мм тереңдікке қағылған болат профильден орындалады;

3) қару мен патрондар стеллаждарда, пирамидаларда немесе металл жәшіктерде (шкафтарда) сақталады;

4) желдеткіш терезелер, люктер болған жағдайда, оларға бұл жүйелер арқылы өту мүмкіндігін болдырмайтын көлемі 150х150 мм аспайтын тор көздері бар болат тор орнатылады. Инженерлік желілерді тартуға арналған қабырғалардағы тесіктердің диаметрі 200 мм аспайды;

5) терезелер болған жағдайда, оларға болат торлар, сондай-ақ металл қақпақтар немесе рол-ставнялар орнатылады. Торлардың, қақпақтардың және                         рол-ставнялардың жиектері диаметрі 10-12 мм болат арматурадан жасалған істікпен қабырғаға кемінде 80 мм тереңдікке қағылады. Шалқасынан ашылатын терезе қақпақтары берік аспалы немесе ішкі құлыптарға жабылады. Есік, терезе ойықтарына орнатылатын торлар диаметрі кемінде 15 мм жұмыр болат шыбықтан немесе қалыңдығы кемінде 14 мм шаршы болат шыбықтан, ал қақпақтар қалыңдығы кемінде 3 мм болат табақтан жасалады. Шыбықтар 150х150 мм аспайтын тор көз құрып, олардың әрбір қиылысқан жері дәнекерленеді;

6) өртке қарсы құралдар болуы керек;

7) қару мен оның патрондары бар арнайы жабдықталған қойманың және металл жәшіктер (шкафтар) кiлттерiнiң екi жиынтығының болуы;

кiлттердiң бiр жиынтығы қару мен оның патрондарын сақтауға жауапты адамда, екiншiсi – ұйым басшысында ұдайы болады;

         қару мен оның патрондары бар арнайы жабдықталған қойманың және металл жәшіктердің (шкафтардың) кiлттерiн үстелдерде және бөгде адамдардың қолы жететін өзге де жерлерде қалдыруға тыйым салынады;

8) электр қуатымен қамтамасыз ету қалқанына жасырын сым тарту арқылы орындалған екi және одан көп күзет-өрт дабылы құралдарымен жабдықталады, терезелерді, есіктерді, люктерді ашқанда, шыныларды жарғанда немесе қабырғаларды, төбелерді, едендерді, жәшіктерді (шкафтарды) бұзғанда және адам болғанда iске қосылатын датчиктер орнатылады. Күзет дабылы құралдарының шлейфтерін үй-жай iшiнде ғана жүргiзуге рұқсат етiледi;

жұмыстан тыс уақытта арнайы жабдықталған қойма iшкi істер органдарының кезекші бөлімдеріне шығарылатын жұмыс орындары бар оператор-фирмалардың орталықтандырылған бақылау пультiне сигнализация қосылып, күзетуге тапсырылады;

9) жалпы алаңы кемінде 10 м2 арнайы жабдықталған қойма сөрелерінде мыналарды:

150 кг аспайтын түтінсіз оқ-дәріні;

тегіс ұңғылы қарудың 200 000 дана патронын;

ойық ұзын ұңғылы қарудың ортадан соққылайтын 300 000 дана патронын;

ойық ұзын ұңғылы қарудың бүйірден соққылайтын 500 000 дана патронын;

қысқа ұңғылы ойық қарудың 50 000 дана патронын;

газды, травматикалық патронмен ату мүмкіндігі бар газды, ұңғысыз травматикалық қарудың 150 000 дана патронын;

жарық-дыбыстық әсері бар 10 000 дана патронды сақтауға рұқсат етіледі;

жекелеген жағдайларда, арнайы жабдықталған қойма алаңының, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару санының өзгеруіне байланысты оқ-дәрі мен патрондардың көрсетілген шекті саны ішкі істер органдарымен келісім бойынша азайтылады немесе көбейтіледі;

келісу хат жыл сайын еркін нысандағы жеке құжатпен ресімделеді, онда қару-жарақ бөлмесінің алаңы және ондағы нақты болған қарудың, қосалқы бөлшектерінің, түрлері мен калибрлері бойынша патрондарының нақты саны көрсетіледі және сақталатын түрлері мен калибрлері бойынша патрондарды азайту немесе көбейту мүмкіндігі туралы тұжырым жасалады.

61. Қару мен патрондар сатылатын сауда залы мынадай талаптарға сәйкес жабдықталады:

1) мыналарды:

бейнетіркегішті (кемінде 2 арна);

кемінде 7 тәулік мерзімге дейін бейнеақпаратты сақтауға мүмкіндік беретін тиісті компьютерлік жабдықты;

дәлдік қабілеті фото-бейне сурет бойынша адамды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін («күн-түн» үлгісіндегі) бейнебақылау камераларын қамтитын тәулік бойғы бейнебақылау жүйелерінің болуы;

2) орталықтандырылған бақылау пультіне жасырын сигнал беруге мүмкіндік беретін ұтқыр не стационарлық дабыл беру («Дабыл кнопкалары») құралдарының болуы;

3) сауда залында көруге қойылатын, сатып алуға рұқсаттар немесе лицензиялар талап етілетін қару бекітпеде орналастырылады, ол сауда залына келушілердің бақылаусыз иеленуінен қорғалады («тростық» немесе ұқсас бекітпе не сөрелерде қорғалушы шыныларды, пленкаларды орнату);

4) атыс қаруының патрондары сөрелерге оқ-дәрі зарядынсыз қойылады және шынының астында тұрады;

5) сөрелерде тұрған қару жылдам атуды болдырмайтын күйге келтіріледі;

6) жасақталған патрондарды, капсюльдер мен оқ-дәріні сақтау үшін сөрелердің артына кемінде екі шкаф орнатылады. Оқ-дәріні капсюльдермен немесе жасақталған патрондармен бірге бір шкафта сақтауға тыйым салынады. Оқ-дәрі сатып алушыға тапсыру үшін ғана сөрелерге капсюльдермен бірге қойылуы мүмкін;

7) терезе ойықтарындағы қақпақтарды қоспағанда, осы Ереженің
60-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес болуы;

8) жасақталған патрондарды, капсюльдер мен оқ-дәріні сақтауға арналған сауда залы мен шкафтар кiлттерiнiң екi жинынтығының болуы;

кiлттердiң бiр жиынтығы қару мен оның патрондарын сақтауға жауапты адамда, екiншiсi – ұйым басшысында ұдайы болады; 

арнайы жабдықталған қойманың, қару мен оның патрондары бар металл жәшіктердің (шкафтардың) кiлттерiн үстелдерде және бөгде адамдардың қолы жететін өзге де жерлерде қалдыруға рұқсат етілмейді;

9) осы Ереженің 60-тармағы 1), 2) және 8) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес болуы. Сауда залы көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, дүкенді жапқаннан кейін (жұмыс уақытынан тыс) ішкі істер органдарының рұқсаттары немесе лицензиялары бойынша сатып алу жүзеге асырылатын қаруды, сондай-ақ қарудың патрондарын және оқ-дәріні қалдыруға жол берілмейді;

10) сауда залында витражды қоршаулар болған жағдайда, олар соққыға төзімді немесе шыныны тесуге төзімді материалдан жасалады, оққа төзімді шыны орнатуға жол беріледі.»;

мынадай мазмұндағы 63-1-тармақпен толықтырылсын:

«63-1. Ішкі істер органдарында тіркелуі тиіс қаруды сатқан кезде дүкендердің сатушылары қаруды сатып алуға рұқсатты (лицензияны) сатып алушының Қазақстан Республикасы жеке куәлігінің немесе папортының түпнұсқасымен салыстырып тексеруді жүргізеді.»;

65-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне осы Ережеге 15-қосымшаға сәйкес әкелінген қару және оның өткізілуі туралы жылдық есеп ұсынады.»;

91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«91. Қару мен оның патрондары иелерiнің тұрғылықты тұратын жерінде еденге немесе қабырғаға берiк бекiтiлген, қабырғаларының қалыңдығы кемiнде 3 мм болатын және есігінде ішкi құлпы бар металл шкафта (сейфте) сақталады. Қаруды тұратын бөлмелердің қабырғаларына ілуге жол берілмейді.

Қалалық елді мекендерде (республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ оларға әкімшілік бағынысты аумақтағы кенттер) азаматтық қару иесінің тұрақты тұратын жерi (пәтер, жеке үй), үй-жайларды күзету жүйесімен (пульттік немесе автономды сигнализация) жабдықталады. Қару иесінің қалауы бойынша қаруды тікелей сақтау жүзеге асырылатын бөлмелерді немесе металл шкафты (сейфті) сигнализациямен жабдықтауға жол беріледі.

Күзет дабылының түрі мен типін қару иесі айқындайды.

Қару иесiнiң тұрақты тұратын жерiнен тыс орындарда (жеке үй, пәтер, бақтағы үй, гараж, сарай, вагон, лашық, шатыр), сондай-ақ жатақханаларда (бiр отбасының мүшелерi жеке бөлмеде тұратын отбасылық жатақханаларды қоспағанда), уақытша вахталық үй-жайларда, туысқандарында, таныстарында сақтауға жол берілмейді.

Қару иесi ұзақ уақыт (үш айдан астам) болмаған кезеңде (iссапар, демалыс, емделу, әскери қызмет өткеру) қару иесінің тұрғылықты жерi бойынша iшкi iстер органдарына қару уақытша сақтауға тапсырылуы қажет.

Азаматтық қарудың жалпы саны 500 данадан аспайтын патрондары қарумен бірге не (500 данадан астам) жеке металл шкафта (сейфте) сақталуы мүмкін.

Сейфте қарумен бірге бөгде заттарды, оның ішінде ақша купюраларын, бағалы қағаздарды, зергерлік бұйымдарды сақтауға жол берілмейді.»;

көрсетілген Ережеге 7-1-қосымшада:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі жүйесінің мемлекеттік инспекторлары мен қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген қару мен оның патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны»;

көрсетілген Ереже осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 10-5-қосымшамен толықтырылсын;

көрсетілген Ереже осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 15-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                                             К. Мәсімов


Жаңалықтар тізбегі
22 Маусым 2021, 18:27
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 маусымдағы №416 Қаулысы
22 Маусым 2021, 18:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 маусымдағы №414 Қаулысы
22 Маусым 2021, 18:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 маусымдағы №410 Қаулысы
22 Маусым 2021, 17:45
Гүлзат Көбенова ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы болып тағайындалды
22 Маусым 2021, 15:59
ВАК Қазақстанның бас санитарлық дәрігеріне карантин режимі бойынша бірқатар қосымша шара қабылдауды ұсынды
22 Маусым 2021, 14:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин коронавирусқа қарсы вакцина алды
22 Маусым 2021, 12:50
Пандемия кезеңінде 500 мыңға жуық қазақстандық волонтерлік қызметке қатысты
22 Маусым 2021, 11:30
Қазақстанда мемлекеттік автобус парктерін толық жекешелендіру көзделген — С. Жұманғарин
22 Маусым 2021, 10:42
КВИ-мен ауыру көрсеткіші жоғары өңірлерде инфекциялық және реанимациялық төсек орындардың жүктемесі төмендегені байқалады — А. Цой 
22 Маусым 2021, 10:03
А. Мамин волонтерлік қозғалысты ынталандыру шараларын күшейтуді тапсырды
22 Маусым 2021, 09:54
Үкімет бәсекелестікті дамытудың жаңа тәсілдерін қарады
22 Маусым 2021, 09:46
А. Мамин елордада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейтуді тапсырды
21 Маусым 2021, 17:47
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады
21 Маусым 2021, 15:56
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі
21 Маусым 2021, 15:13
22 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
21 Маусым 2021, 13:10
А. Мамин Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкімет жұмысы туралы есеп берді
20 Маусым 2021, 14:40
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №117
20 Маусым 2021, 11:57
А. Маминге денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың жаңа стандарттарын енгізу туралы баяндалды
19 Маусым 2021, 10:16
Орталық Азиядағы алғашқы «Гамма-пышақ» ҚР Ұлттық нейрохирургия орталығында орнатылды
18 Маусым 2021, 18:31
Қ. Тоқаев Әзербайжанмен көші-қон туралы келісімді ратификациялады
18 Маусым 2021, 18:27
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласындағы №103 қалалық емханаға барды
18 Маусым 2021, 18:24
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
18 Маусым 2021, 16:30
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарады
18 Маусым 2021, 10:29
Ақан Абдуалиев ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды
18 Маусым 2021, 09:26
Батырбек Әбділдин ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
17 Маусым 2021, 21:10
Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді
17 Маусым 2021, 21:00
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
17 Маусым 2021, 17:03
Арнайы экономикалық аймақ қызметтері Үкіметте талқыланды
17 Маусым 2021, 09:06
Нұр-Сұлтанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Биржа комитетінің Ахуалдық орталығы ашылды
16 Маусым 2021, 21:00
Президент Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
16 Маусым 2021, 20:20
Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қ. Келімбетовті қабылдады
16 Маусым 2021, 18:00
Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология жөніндегі саммитіне қатысты
15 Маусым 2021, 18:36
Бюджетті оңтайландыру, «көлеңкелі» экономика деңгейін төмендету және мемлекеттік сатып алуды жетілдіру — қаржы министрі халық алдында есеп берді
15 Маусым 2021, 16:45
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
15 Маусым 2021, 16:43
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті В. Алекперовті қабылдады
15 Маусым 2021, 14:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №399 Қаулысы
15 Маусым 2021, 14:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №396 Қаулысы
15 Маусым 2021, 12:33
2021 жылғы маусым айында утилизациялық алымға «нөлдік мөлшерлеме» енгізілді — М. Мырзағалиев
15 Маусым 2021, 10:55
Соңғы аптада КВИ анықталған жағдайлардың саны 16%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
15 Маусым 2021, 10:40
Еліміздің 216 кәсіпорнында «нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасы енгізілді — С. Шәпкенов
15 Маусым 2021, 10:07
Үкімет қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарын бекітті
15 Маусым 2021, 09:51
Үкімет экологияны жақсарту мәселелерін қарады
15 Маусым 2021, 09:38
ҚР өңірлерінің көпшілігі COVID-19 ауруы бойынша «жасыл» аймақта орналасқан
14 Маусым 2021, 18:02
Қазақстан Президенті ЕАЭО туралы шартқа түзетулерді ратификациялады
14 Маусым 2021, 17:57
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Ауғанстандағы татуластыру жөніндегі арнаулы өкілі Залмай Халилзадты қабылдады
14 Маусым 2021, 17:49
Зиянды шығарындыларды азайту, Су кодексін жетілдіру, экотуризмді дамыту — М. Мырзағалиев халықпен есептік кездесу өткізді
14 Маусым 2021, 16:24
15 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
14 Маусым 2021, 10:16
Ә. Смайылов экономиканың креативті секторын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді
13 Маусым 2021, 10:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №116
11 Маусым 2021, 19:12
Пандемия кезіндегі Қазақстан экономикасы, қалпына келтіру шаралары, заңдарға түзетулер және цифрландыруды енгізу — Ә. Ерғалиевтің есеп беру кездесуі
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.