Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «17» маусымдағы № 444 қаулысы

Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды айқындау туралы

 

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетi жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар болып айқындалсын.

2. «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 15 мамырдағы № 488 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 33, 498-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрi                К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу