Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі №206 Қаулысы

 «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті  Шекара қызметінің 2017 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің «В.В. Кондюрин атындағы» шекара заставасын  қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының
транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы
5 наурыздағы № 281 қаулысынасәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекарақызметінің 2017 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің
«В.В. Кондюрин атындағы» шекара заставасы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2017 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Қасым Қайсенов атындағы» шекара заставасы болып қайта аталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу