Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 наурыздағы №220 қаулысы

«Биржада бағалы қағаздардың сауда-саттығын жүзеге асыру өлшемшарттарын айқындау туралы» Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 911 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Биржада бағалы қағаздардың сауда-саттығын жүзеге асыру өлшемшарттарын айқындау туралы» Қазақстан  Республикасы Үкіметінің
    2022 жылғы 17 қарашадағы № 911 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

          «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының
7) тармақшасына, 645-бабы 9-тармағының 3) тармақшасына және 654-бабының
3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес биржада бағалы қағаздардың сауда-саттығын жүзеге асыру өлшемшарттары айқындалсын.»;

көрсетілген қаулы осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                               О. Бектенов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу