Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «21» қазандағы  № 615 қаулысы

Жарияланды: Жұма, 21 Қазан 2016

«Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2012 жылғы 30-наурыздағы № 382 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 523-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциялары кәмелетке толмағандардың, оның ішінде асырап алуға, баланы қабылдайтын отбасыларға беруге, өздеріне қорғаншылықты немесе қамқоршылықты, патронатты белгілеуге мұқтаж жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттағы, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады.»;

7-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) егер қорғаншылардың немесе қамқоршылардың қамқорлыққа алынушылардың заңды мүдделерін білдіру бойынша әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе қамқорлыққа алынушылардың мүдделеріне қайшы келетін болса не егер қорғаншылар немесе қамқоршылар қамқорлыққа алынушылардың заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асырмайтын болса, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттық тәрбиедегі, баланы қабылдайтын отбасыларындағы, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардағы балалардың заңды мүдделерін кез келген адамдарға қатысты (оның ішінде соттарда) білдіру;»;

мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

«8-1. Орган жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастырады.»;

9-тармақта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды отбасына тәрбиелеуге (бала асырап алу, қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын отбасы), ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық үлгідегі ұйымдарға беру арқылы жүзеге асырады.»;

1), 2), 6), 10), 11), 12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), асырап алуға, патронатқа, баланы қабылдайтын отбасыларға не аталған санаттағы балаларға арналған ұйымға орналастыру туралы мәселе шешілгенге дейін оларды уақытша орналастыруды қамтамасыз етеді;

2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронатқа, баланы қабылдайтын отбасыларға, бала қонақтайтын отбасыларға, асырап алуға тілек білдірген азаматтардың есебін жүргізеді, іріктейді және оларды қажетті әдістемелік, психологиялық және заңдық көмек көрсету арқылы дайындайды;»;

«6) қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, баланы қабылдайтын отбасыларға берілген не жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүлкін басқаруды, сондай-ақ аталған мүліктің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;»;

«10) қорғаншылықтағы және қамқоршылықтағы, патронаттағы және баланы қабылдайтын отбасыларға берілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуға арналған ай сайынғы ақша қаражатын тағайындайды және төлейді;

11) қорғаншылардың және қамқоршылардың, патронат тәрбиешілердің, баланы қабылдайтын ата-аналардың қызметін, сондай-ақ жетім балалар мен    ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленетін ұйымдарды бақылауды жүзеге асырады;

12) қорғаншылардың және қамқоршылардың, патронат тәрбиешілердің, баланы қабылдайтын ата-аналардың әрекеттеріне шағымдарды қарайды;

13) аталған адам қорғаншы немесе қамқоршы болып тағайындалғанға дейін туындаған қамқорлыққа алынушының борыштарын төлеуге қорғаншыға немесе қамқоршыға, оның жұбайына немесе туыстарына, баланы қабылдайтын ата-аналарға рұқсат береді;»;

мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

«15-1) баланы қабылдайтын ата-аналардан алты айда кемінде бір рет жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулық жағдайы туралы, оларды тәрбиелеу жөніндегі жұмыс туралы есепті, сондай-ақ жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қабылдаушы отбасына берілген балаларды күтіп-бағуға бөлінген ақшалай қаражатты жұмсау туралы, олардың мүлкін басқару жөніндегі есепті талап етеді;»;

16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«16) қорғаншылар немесе қамқоршылар, баланы қабылдайтын ата-аналар тиісті түрде орындамаған жағдайларда, оның ішінде олар қорғаншылықты немесе қамқоршылықты жеке басының мақсатына пайдаланған не қамқорлыққа алынушыны қадағалаусыз және қажетті көмексіз қалдырған кезде оларды өз міндеттерін орындаудан шеттетеді және қажетті шаралар қабылдайды;».

2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                Б.Сағынтаев


Жаңалықтар тізбегі
06 Желтоқсан 2021, 12:13
Асқар Жақыпбаев ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалды
05 Желтоқсан 2021, 09:26
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №140
04 Желтоқсан 2021, 12:59
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин шетелдік инвесторлармен кездесу өткізді
04 Желтоқсан 2021, 11:42
Қазақстанда бесінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
03 Желтоқсан 2021, 16:54
Қазақстан СОР26 аясындағы міндеттемелерін уақытылы орындайды — А. Мамин 
03 Желтоқсан 2021, 11:34
Ә. Смайылов екінші Еуразиялық конгреске қатысты
03 Желтоқсан 2021, 08:47
ВАК отырысы: Е. Тоғжанов коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді
01 Желтоқсан 2021, 16:55
«EXPO 2020 Dubai» көрмесінде Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді
01 Желтоқсан 2021, 16:32
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
30 Қараша 2021, 15:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №842 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №841 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №839 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №835 Қаулысы
30 Қараша 2021, 13:02
ҚР Үкіметінің отырысы,30.11.2021
30 Қараша 2021, 12:26
Қазақстанда 12,7 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құрумен 139 жобаны іске қосу жоспарлануда — Б. Атамқұлов
30 Қараша 2021, 10:38
Қазақстанда «Омикрон» КВИ штаммының жаңа нұсқасының пайда болуына байланысты бірқатар шектеулер енгізіледі
30 Қараша 2021, 10:21
2021 жылдың 10 айында ҚР өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 78,6%-ға 1,2 трлн теңгеге дейін өсті 
30 Қараша 2021, 09:37
8 млн-нан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алды 
29 Қараша 2021, 14:47
30 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Қараша 2021, 11:24
А. Мамин Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты  
29 Қараша 2021, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №834 Қаулысы
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.