Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №876 Қаулысы

«Шикі мұнайға және (немесе) газ конденсатына және мұнай өнімдеріне нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы №1568 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Шикі мұнайға және (немесе) газ конденсатына және мұнай өнімдеріне нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№1568 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №8, 168-құжат) күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                 А. Мамин

 

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу