29 Қыркүйек 2022, 16:43
Алматы облысының шекарасын өзгерту және Жетісу облысының шекарасын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Алматы облысының шекарасы оның аумағынан Жетісу облысының жалпы ауданы 11848,3 мың гектар жерін шығару жолымен өзгертілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Жетісу облысының шекарасы белгіленсін.
3. Алматы және Жетісу облыстарының әкімдіктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу