04 Қараша 2019, 10:03
«Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларында:
7-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бәсекеге қабілеттілік – шығарылатын өнімнің, көрсетілетін жұмыстардың және (немесе) ұсынылатын қызметтердің төмен өзіндік құнынан, олардың сұранысынан және оларды өндірудің, көрсетудің немесе ұсынудың экономикалық орындылығынан көрінетін ұқсас, индустриялық-инновациялық жобалармен салыстырғандағы артықшылық;»;
мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) еңбек өнімділігі – пайдаланылатын ресурстар бірлігіне есептегенде өнім шығаруды сипаттайтын, өндіріс көлемі мен еңбек ресурстары шығындарының арақатынасын білдіретін өндіріс тиімділігінің көрсеткіші;
5) экспортқа бағдарланушылық – өндірістің өнім мен көрсетілетін қызметтер экспортына бағытталуы.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу