Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қаңтардағы №30 қаулысы

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 528 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 528 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 70-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидаларында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларының 2-тарауының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы жобасының тақырыбы мен мазмұны бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберген кезде қаржыландыруды көздейтін ұсыныстар бойынша бюджет қаражатының қажеттілігін ұсынады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                   Ә. Смайылов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу