Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі №393 Қаулысы

«Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1149 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1149 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 45, 529-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесінде:

5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Тапсырыс берушілердің тізілімін қалыптастыру осы Ережеге
2-қосымшаға сәйкес веб-порталдағы тапсырыс берушінің тіркеу деректері негізінде веб-портал арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл ретте тапсырыс беруші веб-порталда ол әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеледі. Қайта ұйымдастырылған (таратылған) не тапсырыс берушінің әділет органындағы тіркеу деректері өзгерген жағдайда, тапсырыс беруші осындай жағдайлар әділет органдарында тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде веб-порталдағы тапсырыс берушінің тіркеу деректеріне өзгертілген мәліметтерді енгізеді.»;

7-тармақ алынып тасталсын;

13-тармақта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) конкурс қорытындылары, аукцион қорытындылары, бір көзден сатып алуды өткізу қорытындылары, баға ұсыныстарын сұратуды жүргізу қорытындылары шығарылған күн, сондай-ақ шарттың жасалу негізін растайтын құжаттың деректемелері;»;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) және өнім беруші (орындаушы, мердігер) болып табылатын жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);»;

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Заңның 4-бабы1-тармағының 3), 23) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізілуге жатпайды.»;

16-тармақ алынып тасталсын;

25-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат:

өнім берушінің атауы;

елі;

Қазақстан Республикасының резиденттері үшін ­– бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін);

жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін);

Ресей Федерациясының резиденттері үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТС) (заңды тұлғалар үшін), дара жеке шоттың сақтандыру нөмірі (ДЖШСН) (жеке тұлғалар үшін);

Беларусь Республикасының резиденттері үшін – төлеушінің есепке алу нөмірі (ТЕН) (заңды тұлғалар үшін), веб-порталда автоматты түрде берілетін реттік нөмір (РН) (жеке тұлғалар үшін);»;

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы туралы мәліметтерді қамтитын тізілімдегі жазба Заңда белгіленген мерзім өткен соң тізілімнен автоматты түрде алынып тасталады. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы шешімді жою туралы заңды күшіне енген сот актісі болған жағдайда, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтерді қамтитын тізілімдегі жазба әлеуетті өнім берушінің не өнім берушінің сұрау салуы бойынша уәкілетті орган тиісті сот актісін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде алынып тасталады.»;

көрсетілген Ережеге 2, 7, 8, 9-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3,
4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                          К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу