Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «25» сәуірдегі № 313 қаулысы

Қазақстан Республикасы Ішкі істерминистрлігінің кейбір мәселелері

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер қайта ұйымдастырылсын.

2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік мекемелері қайта аталсын.

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

4.Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің және оның ведомстволарының тізбесінде:

«Төтенше жағдайлар комитеті» деген 4-бөлімде:

14, 22, 23-тармақтар алып тасталсын;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Көкшетау қаласы).»;

25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33-тармақтар алып тасталсын;

34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«34. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Ақтау қаласы).»;

35-тармақ алып тасталсын;

36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«36. Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Петропавл қаласы).»;

37-тармақ алып тасталсын;

2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы         15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың, олардың аумақтық органдарының және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген 1-бөлімде:

42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«

42)

Республикалық жедел-құтқару жасағы

90

»;

55), 56), 57), 58), 59) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«

55)

Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы

73

56)

Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы

80

57)

Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы

120

58)

Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы

80

59

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы

73

 

 

 

 

»;

62) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«

62)

Жедел-құтқару жасақтары

827

»;

66) тармақша алып тасталсын.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу