Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 431 Қаулысы

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы
13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде:

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні – 17 мамыр»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні – 28 маусым».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі                                                            А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу